6-36 айлық балаларда семантикалық ойлаудың дамуы
Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 26
Кілт сөздер:
түсіну танымы, тіл алдындағы кезең, тіл білімінің даму кезеңі.Аңдатпа
Тілді түсіну - балалардың кішкене кезінде дамитын және сөздерді,
сөйлемдерді түсіну, өз мәліметтерімен байланыс құрып, қарсы алдындағы кісіге қалағанын
түсіндіруде қажет болатын сезім. Заттар мен символдар арасында қандай байланыс
құрылатындығын білдіреді. Балалардың мағыналарды түсіну түйсіктерінің дамуында
баланың тәжірибелері басты рөл ойнайды. Баланың ақыл-ойында сөздің орнығуы үшін
референтпен байланысты бір тәжірибенің болуы, бақылануы, қабылдануы, қолданылуы
және өмір сүруі қажет. Балалар сол себептен, алдымен, отбасы мүшелерінің және
айналасындағы заттардың атын танып, біледі. Күнделікті тәжірибелер артқан сайын
ақыл-ойындағы ұғымдар қалыптасады және оқиғалардың қалыптасуы, адамдардың бұл
оқиғалармен байланыстары, нені, қалай қолдану мәселесіндегі тәжірибелер баланың
мәлімет базасының мазмұнын қалыптастырады. Баланың ақыл-ойындағы бұл мәліметтер
заттардың қимылмен байланысын көрсететін топтастыру болып саналады. Сол себептен
балада тілді түсінудің дамуы баланың топтастыру ұғымын қабылдаумен басталады.
Түрік балаларында түсіну танымының орнығуы бойынша жасалған еңбектер әлем
бойынша жасалған еңбектерге қарағанда әлі де жаңа сатыда орын алады. Түрік балаларының
тілді түсінуін қарастырған еңбектер 1980 жылдары жазыла бастады. Түрік балаларының
тілді түсінуі туралы жасалған еңбектерді дереккөзі ретінде ала отырып, аталған мақалада
6-36 айлық тіркелген балалардан алынған мәліметтер негізінде бала тілінде тілді түсіну
танымының дамуы бақылауға алынып, сөздердің білдіретін мағыналары, балалардағы
мағынаның тарылуы, мағыналардың кеңеюі, мағыналардың өзгеруі, сөздердің мағыналары
және бөлшек-бүтін байланыстары қарастырылған.