Қазақстан Республикасының президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың сыртқы саясаттағы негізгі бағыттары


Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

  • Е. Онгарова

Кілт сөздер:

Қазақстан, билік, саясат, Орта Азия, Н.Назарбаев, К.Тоқаев, көшбасшы.

Аңдатпа

Н.Назарбаев саяси аренада өзінен кейін Қ.Тоқаевты тағайындады.Биліктің ауысуымен қатар саяси аспектілер де өзгеретіндей болып көрінді. Бірақ Н.Назарбаев Қ.Тоқаевты өз билігінен кейінгі лидер ретінде тағайындауы да өз көзқарасына сәйкес көшбасшы іздегенін және тапқанын көрсетеді.Екі лидер жылдар бойы бір саяси аренада ортақ әрекет етіп және бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Яғни олар бір-бірін жақын танитындығын айта кету керек. Н.Назарбаевтың билігі кезеңінде Қ.Тоқаев сыртқы істер министрі сияқты маңызды позицияларда қызмет атқарды. Сонымен қатар саяси жағдайларда ортақ шешімдерде ақылдаса әрекет етті. Екі лидердің тағдыры Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап тоғысқан еді. Сонымен қатар Қазақстанның саяси нормалары мен стандарттары арасында үйлесімділікті қамтамассыз етуге бағытталған бастамаларды бірге жүзеге асырды. Екі лидер министрлік деңгейіндегі мәселелерді де ортақ ымыраға келе отырып шеше білген. Сонымен қатар шетел өкілдерімен ұйымдастырылған кездесулерге ортақ ат салысқан. Тіпті Каспий теңізінің мәртебе мәселесі сияқты маңызды мәселелер аясында ортақпозицияны ұстанған. Талдау нәтижесі Қ.Тоқаевтың Н.Назарбаевтың көз-қарасын қолдайтын көшбасшы ретінде көрсетеді. Бұл көп векторлылық пен интеграцияға негізделген әртүрлі диалогқа ашық екенін көрсетеді. Сонымен қатар демократия мен сөз бостандығына негізделген қағидаларды ұстана отырып әрекет етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

25.09.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Онгарова, Е. (2021). Қазақстан Республикасының президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың сыртқы саясаттағы негізгі бағыттары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 136(3), 111–118. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/490

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану