Энергия аясында Қазақстан және Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынас және Каспий теңізі


Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 20

Авторлар

  • Е. Онгарова

Кілт сөздер:

ЕО, Каспий теңізі, АҚШ, Орталық Азия, Қазақстан, энергетика, мұнай

Аңдатпа

Қазақстан-Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бастау алады. 1999 жылы күшіне енген Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімі екі ел арасында өзара сауда мен инвестицияларды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары мен ЕО-ның құқықтық нормалары және стандарттарын үйлестіруге бағытталған болатын. Тараптар арасындағы жоспарлы кездесулер министрлер деңгейіндегі Ынтымақтастық жөніндегі комитеттер шеңберінде өтті.Сонымен бірге Қазақстан мен ЕО өкілдерінің арасында түрлі мәселелер бойынша кіші комитет отырыстары да өткізілді. Бұл кездесулерде ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланып, Еуропалық одақтың Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін қажет ететін техникалық көмек жобалары талқыланды. Қазақстан мен ЕО арасында қол қойған Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қосымша көптеген тақырыптар бойынша келісімдер жасалды. Мақаланың мақсаты Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда және энергетика қатынастарында Каспий аясындағы бастамаларын талдау болып табылады. Осы тақырып бойынша жасалған келіссөздер және жобаларға сапалы талдау жасалады. Қорытындылай келе Қазақстан-ЕО арасында жасалған стратегиялық ынтымақтастықты екі жақ өзара тиімді пайдалана алды деуге болады. Тәуелсіздік жылдары көптеген жобалар жүзеге асырылып оң нәтижелерін көрсете алды. Каспий аясында жасалған келісімдер бойынша қомақты қаражат бөлініп энергея ресурстарын өңдеу және игеруге бағытталды. Жалпы ЕО-ның әрбір мүше елдерінің өзіндік қызығушылықтарына қарай энергия саласында үлкен бастамаларға қол жеткізді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Онгарова, Е. (2018). Энергия аясында Қазақстан және Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынас және Каспий теңізі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 125(4), 63–67. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/376

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану