Қаратеңіздегі күш тепе-теңдігі


Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

  • Е. Онгарова

Кілт сөздер:

Қаратеңіз, билік, саясат, Ресей, НАТО, Грузия.

Аңдатпа

«Қаратеңіздегі күш тепе-теңдігі» атты мақалада Қырғи Қабақ соғыстан кейінгі геополитикалық өзгерістер және алып күштердің геостратегиялық бастамаларының нәтижесінде пайда болған
Қаратеңіздегі күш тепе-теңдігіне талдау жасалған. Бүгінге дейін Қаратеңіздің жағалау елдерінде болған
(Украинадағы саяси кризис, Грузиядағы соғыс) саяси жағдайлардың артында алып күштердің Қаратеңізге үстемдік құру және күш тепе-теңдігін жоғалтып алмау мақсаттары жатыр. Түркиядан кейін Болгария
және Румыния НАТО-ға мүше болуымен Батыс елдерінің әскери жақтастарына айналды. Ресей болса
Грузия және Украинаның Батысқа енуін қолдамағандығының нәтижесінде аталмыш елдерде хаос пайда
болды. Өйткені Ресей Қаратеңізде күш деңгейін Грузия мен Украинаның арқасында сақтап отыр. Егер
Ресей күш тепе-теңдігін жоғалтатын болса Қаратеңізде күш тепе-теңдігіне қауіп төнуі мүмкін. Батыс елдері бұл мәселе бойынша өз қауіпсіздігін сақтандырып қойған. Батыстың Ресейді қыспаққа алу мақсатымен жасаған Украина мен Грузия бастамалары Ресейдің еш уақытта тыныш отырмайтынын дәлелдеді.
Украинадағы Қырымды өз территориясына қосу арқылы аскери базасын қауіпсіз аймаққа кіргізді және
Украинаға энергетика саласында өз мүмкіндіктерін қолдана алды. Грузия лидерінің батысқа жақындасу
бастамасының нәтижесінде сәтсіз аяқталды және елде этникалық қақтығыстар орын алуына себеп болды. Сакашвилидің биліктегі позициясы шайқалды, батыс бастамасы аяқталмай қалды. Талдау салыстырмалы талдауға негізделген. Нәтижесінде, Қаратеңіздегі күш деңгейі тепе-теңдікті сақтаса бейітшілік
болады. Ал егер өзгеріс орын алса қақтығысқа жол ашады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Онгарова, Е. (2022). Қаратеңіздегі күш тепе-теңдігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 138(1), 108–116. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/443

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар