М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасындағы мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты
Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 30
Кілт сөздер:
мақал-мәтелдер, М.Қашқари, «Диуани лұғат ат-түрк», ұлттық мәдениет, халық даналығы, мәдениет.Аңдатпа
Mақалада М.Қашқаридың әйгілі шығармасы «Диуани лұғат ат-түркте» келтірілген мақал-мәтелдердің этномәдени аспектілері қарастырылған. ХІ ғасырдағы түркі әлеміндегі белгілі ойшыл Махмұт Қашқаридың „Диуани лұғат ат-түрік“ еңбегінде түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі.Автор халық ауыз әдебиеті игіліктерін пайдалану негізінде баяндау мәтінін ғибратты және өнегелі бағытта әрлендірген. Тәлімді ойшыл ғалымның ұстанымы ақыл-парасат арнасы сөз өнерінен, нақыл сөздерден, даналық ойлардан, ақиқаттан бастау алды. Мақал-мәтелдерді қолдану негізінде автордың ойы оқырманға жеңіл жеткізіледі және оның есінде көпке дейін сақталады. Бүгінде Махмұт Қашқаридың көптеген қанатты, нақыл сөздері ел арасына кеңінен тараған. Мақалада түрлі мақал-мәтелдерге этномәдени ракурста талдау жасалған.