Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Пәкістанның қарым-қатынасы


Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

  • Д.Р. Айтмагамбетов
  • А.М. Азмуханова

Кілт сөздер:

интеграция, потенциал, инфрақұрылым, халықаралық коалиция, сауда-экономикалық қатынастар, гуманитарлық байланыстар.

Аңдатпа

Кеңес Одағы Ауғанстаннан кеткеннен кейін, Пәкістан Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатқа деген көзқарасын өзгертті, бірақ өзінің Үндістанмен арадағы бұрынғы стратегиялық мақсатын сақтап қалуға тырысты. Алға қойған негізгі принциптеріне сүйене отырып, ол өз әсерін барынша жалпы аймақта кеңейтуге күш салды. Қазақстан мен Пәкістанның, яғни екі халықтың байланыстарының сан ғасырлық тарихы бар, екі республика орналасқан өңірдің елдері өзара сауда және мәдени қарым-қатынастар тұрғысынан әрдайым тығыз байланыста болған. Екі мемлекет те екіжақты қарым-қатынастардың дамуына үлкен мән береді және оларды одан әрі тереңдетуге мүдделі. Қазақстан мен Пәкістан көптеген факторларды байланыстырады: өңірдің саяси проблемалары бойынша ортақ ұстанымдар, терроризммен күрес, дін және мәдени мұра.Қазіргі уақытта біздің елдеріміздің түрлі салалардағы ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Айта кету керек, Пәкістан өзінің теңіз портымен тез және жан-жақты дамып келеді, олар қазақстандық тауарлардың экспорты үшін пайдаланылуы мүмкін. Қазақстан мен Пәкістан екі жақты қатынастардың дамуын қолдайтын көптеген халықаралық ұйымдардың мүшелері болып табылады

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтмагамбетов, Д. ., & Азмуханова, А. . (2018). Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Пәкістанның қарым-қатынасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 124(3), 8–17. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/355

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар