Көне және қазіргі антропонимдер арасындағы семантикалық сабақтастық


Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 131

Авторлар

  • Б. Әбдуәлиұлы Халықаралық шет тілдер университеті https://orcid.org/0000-0003-1481-8850
  • Ы.Ә. Тұранов Қараөткел мектеп-лицейі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-325-338

Кілт сөздер:

Антропоним, антропонимдік өзек, семантикалық сабақтастық, морфологиялық сабақтастық, лексикалық сабақтастық, прецеденттілік, төл есімдер, кірме есімдер, семантика, денотат, сигнификат

Аңдатпа

Кісі есімдері – адамдардың тарихымен бірге жасасып келе жатқан тілдік дерек. Оның табиғатын зерделер болсақ, көптеген тарихи-мәдени ақпараттарға куә боламыз. Соның ішінде таным мен сенімнің белгілері қай заманда болсын мағынада сақталады да, тарихи сабақтастықтың өзегі ретінде көрініс береді. Көне тұлғалы Барақ, Итемген, Итбай есімдері мәдени көзқарастардың дамуымен бірге Амандық, Тұрар, Тоқтар болып өзгерді. Екі топтағы есімдердің антропонимдік мағыналары өте жақын, бірдей деп санауға болады, ол – сәбидің амандығын тілеу. Есімдердің түрі өзгергенмен, көне мағына сақталып, бүгінге жетіп отыр. Бұндай байланысты «семантикалық сабақтастық» деп атаймыз. Көне мен жаңаның арасын жалғап тұрған бұдан өзге «морфологиялық сабақтастық» және «лексикалық сабақтастық» құбылыстары бар, осы үшеуінің ішінде мақалада семантикалық сабақтастыққа назар аударылған.

Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы жеткен кісі есімдері мен қазіргі түркі, соның ішінде қазақ есімдерінің арасындағы мағыналық байланыс түрлі қырынан көрінеді. Мақалада сабақтастықтың бұл түрлері «тұлғасы көнерген есім нұсқаларының сабақтастығы», «көне мен жаңа нұсқалар сабақтастығы», «тарихи есімдердің жаңғыруы арқылы сабақтасу» ерекшеліктері бойынша топтастырылды. Әр дәуірдегі тарихи өзгерістер және халықтар арасындағы мәдени-экономикалық қатынастар кісі есімдерінің лексикалық құрамына ғана емес, мағынасына да ықпал етеді. Бұл ықпал прецеденттік құбылыстар, сөз алмасқан екі тілдегі ұғым-түсініктердің ерекшелігі, қоғамдағы мәдени көзқарастардың жаңғыруы т.б. арқылы жүзеге асады. Осы айтылғандардың негізінде, мақалада, антропонимдердің тарихы мен табиғатына тән семантикалық процестердің даму эволюциясы нақты ұғымдар бойынша жүйеленіп, оған дәлелді мысалдар ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әбдуәлиұлы, Б., & Тұранов, Ы. (2025). Көне және қазіргі антропонимдер арасындағы семантикалық сабақтастық. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 325–338. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-325-338

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану