Көне ұйғыр тіліндегі септіктердің зерттелу барысы
Просмотры: 126 / Загрузок PDF: 0 / Загрузок PDF: 44
Аннотация
Мақалада көне ұйғыр тіліндегі септіктердің зерттелу барысы сөз болады. Қазақ ғылымында көне түркі тілдерін зерттеу өз деңгейінде дамығанымен, сол көне түркі
тілдерінің бір тармағы және де үлкен тармағы (үлкен тармағы дейтініміз шетелдік
ғалымдардың пайымдауынша көне ұйғыр тілі дегеніміз - үшінші Түркі қағанатының
тілі) көне ұйғыр тілін зерттеу ісі кенжелеп қалған деп айтуға болады. Осы олқылықтың
орнын толтыру мақсатында көне ұйғыр тілін зерттеген көрнекті ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып септіктердің зерттелу барысын қарастырдық. Сөйлем ішінде сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуін жүзеге асыруда септіктердің алатын орны
үлкен. Жалпы, септіктер туралы жазудағы мақсатымыз арадан қанша уақыт өтсе де
көне түркі тіліндегі, оның ішінде көне ұйғыр тіліндегі септіктермен қазіргі түркі тілдеріндегі септіктер арасында көп айырмашылықтың жоқ екендігіне тағы да көз жеткізу және де кейбір ерекшеліктерін талдап көрсету. Мақалада шетелдік және отандық
тілші ғалымдардың септіктер туралы зерттеулеріне тоқталып, салыстырмалы түрде
беруге тырыстық. Ғалымдардың септіктер жайында жазылған тұжырымдарын талдау,
салыстыру, талқылау әдістерін қолдана отырып зерделедік.