Классикалық шағатай еңбектеріндегі Мұхаммед Шайбани Хан шығармаларының рөлі


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-184-193

Кілт сөздер:

шағатай тілінің классикалық дәуірі, шағатай әдебиеті, Мұхаммед Шайбани хан, Диван, Бахру’л-Һуда, Рисале-и ма’риф

Аңдатпа

Осыған дейін жүргізілген зерттеулер мен еңбектерге сүйене отырып, орта ғасырлық түркі әдеби тілі – шағатай тілі, Исламдық Орталық Азиядағы түркі әдебиетіне орасан зор ықпалды әдеби тіл болғандығын атап өтуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, шағатай тілінің маңызды, тірек тұлғалары ретінде қарастырылатын Әлішер Науаи мен Бабурдың орны айрықша. Сондай-ақ, XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы көрнекті тарихи тұлға Мұхаммед Шайбани хан (1451–1510) шағатай классикалық дәуірі ақындарының бірі болды. Ол жаулап алушы және заң шығарушы ретіндегі рөлінен тыс, бірнеше туынды қалдырды. Атап айтқанда, өлеңдер жинағы Диван, діни-дидактикалық Бахру’л-Һуда (“Һидаят теңізі”) және фиқһқа, ислам құқықтануына жайындағы трактат.

Бұл мақала Шайбани хан шығармаларының шағатай әдебиетіндегі маңызын айқындап, тілдің дамуына қосқан үлесін көрсетуді мақсат етеді. Зерттеу шағатай әдебиетіне қысқаша шолу жасаудан және Шайбани ханның өмірі мен қызметіндегі негізгі кезеңдерді сипаттаудан басталады. Талқылау оның белгілі үш еңбегіне бағытталған. Якуб Карасой мен Август Сами еңбектеріне сүйене отырып, мақалада Шайбани ханның діни дискурсты, моральдық үндеулерді және саяси мазмұнды өз шығармаларына қалай тоғыстырғаны талданады. Оның туындылары поэтикалық форманы идеологиялық мақсатпен саналы түрде ұштастырып, бір жағынан сүнниттік исламды бекітуге, екінші жағынан саяси билігін заңдастыруға қызмет етті. Жүргізілген талдау нәтижелері Шайбани хан еңбектерінің тек әдеби мұра ретінде ғана емес, сонымен қатар шағатай әдеби дәстүрінің кең аясында діни әрі саяси ойдың пәрменді құралы ретінде де маңызға ие болғанын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сұлтанбаева N. ., & Шадкам Z. . (2026). Классикалық шағатай еңбектеріндегі Мұхаммед Шайбани Хан шығармаларының рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 155(2), 184–193. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-184-193

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану