«Шежіре-и теракиме» еңбегінде кездесетін парсы сөздерінің семантикасы
Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 42
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-174-183Кілт сөздер:
шағатай жазба тілі, парсы тілдік қабаты, лексика, семантика, актив сөздер, пассив қабатАңдатпа
Түркі жазба мұрасын, тарихи қолжазбалар мен жыр-дастандарды лингвистикалық тұрғыдан талдау – тілдің тарихи дамуын, қалыптасу жолдарын айқындауда маңызды орын алады. Зерттеу нысаны ретінде XVII ғасырда жазылған Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегі алынды. Аталған туынды – түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, этнографиясы, географиялық атаулары жөнінде құнды мәліметтер беретін орта ғасырлық жазба ескерткіш. Бұл еңбек – Оғызнама дастанының араб әліпбиімен жазылған нұсқасы. Шежіре мәтінінің лексикалық құрылымында көне түркі сөздерімен қатар араб, парсы және моңғол сөздері де жиі кездеседі. Мақалада осы шежіреде кездесетін парсизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, олардың қазіргі қазақ тіліндегі, қазақтың фольклорлық мұраларындағы және жыраулар поэзиясындағы қолданыс аясын анықтау көзделеді. Тарихи лексикологияда кірме лексика, әсіресе араб және парсы сөздері біртұтас «араб-парсы лексикасы» ретінде қарастырылса, бұл зерттеуде олар жеке тілдік қабат ретінде жеке-жеке талданады. Сондай-ақ, парсы сөздерінің қазақ тіліне сіңісу деңгейіне байланысты олар үш топқа бөлініп сипатталады: а) қазіргі қазақ тілінде бастапқы мағынасын сақтап қолданылып жүрген сөздер; ә) семантикалық өзгеріске түскен, бірақ қолданыста бар сөздер; б) қазіргі қазақ тілінде көнерген не мүлдем қолданылмайтын лексикалық бірліктер. Парсизмдердің фольклорлық жырлар мен қазіргі қазақ тіліндегі мағыналық ерекшеліктері де назардан тыс қалмайды. Зерттеудің басты мақсаты – «Шежіре-и теракиме» мәтінінде кездесетін парсы сөздерін лексика-семантикалық тұрғыдан саралай отырып, шағатай жазба тілі мен қазақ тілі арасындағы тарихи-тілдік байланыстарды ашып көрсету.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




