Саха тілі материалдық мәдениетінің этнографиялық лексикасы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-241-251Кілт сөздер:
саха тілі, этнографиялық лексика, лексика-семантикалық топтар, материалдық мәдениет, дәстүрлі тұрғын үй, тұрмыстық бұйымдарАңдатпа
Бұл мақала саха халқының материалдық мәдениетін бейнелейтін якут тіліндегі этнографиялық лексиканы зерттеуге арналған. Жұмыстың өзектілігі – этнография мен лексикология бойынша жалпы еңбектердің бар болуына қарамастан, бұл лексикалық қабаттың жүйелі және салыстырмалы-тарихи тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуінде. Зерттеудің мақсаты – саха халқының дәстүрлі тұрмыс артефакттарын атайтын этнографизмдердің семантикалық құрылымын, мәдени-тарихи негіздерін және қызмет ету ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ олардың басқа түркі, әсіресе қазақ және көрші тілдердің лексикалық жүйелерімен байланысын айқындау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілді: материалдық мәдениеттің негізгі тақырыптық топтары бойынша (дәстүрлі тұрғын үй, киім, тұрмыстық бұйымдар, үй-жай заттары) этнографиялық лексика жиналып, жүйеленді; лексикалық бірліктердің мағыналарын анықтауды, этимологиясын, бастапқы элементтері мен мүмкін болатын кірме сөздерін айқындауды қамтитын семантикалық талдау жүргізілді. Саха этнографизмдерін қазақ және басқа тілдердегі баламаларымен салыстырмалы түрде талдауға ерекше назар аударылды, бұл мәдени және лингвистикалық өзара ықпалдастық жолдарын қадағалауға, сондай-ақ ортақ және ерекше белгілерді анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің дереккөздік базасын якут-орыс, орыс-якут және якут тілінің түсіндірме сөздіктерінің мәліметтері (әсіресе П.А. Слепцов пен Э.К. Пекарский редакциясымен шыққан сөздіктер), сондай-ақ якуттану классиктерінің этнографиялық еңбектері (В.Л. Серошевский, С.И. Боло және т.б.) құрады. Жұмыста сипаттамалық талдау, семантикалық талдау және салыстырмалы-салғастырмалы әдістер қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде саха тіліндегі материалдық мәдениетке қатысты этнографиялық терминологияның байлығы мен алуан түрлілігі анықталды. Тұрғын жайлардың әртүрлі түрлерін (ыал, кыстык, сайылык, ураһа, балаҕан), киім атауларын (таҥас-сап, таҥас, сон) және тұрмыстық бұйымдар мен ыдыс-аяқ атауларын (хобордоох, чааскы, айах, быһах және т.б.) білдіретін нақты лексемалар талданды. Бірқатар саха этнографизмдерінің қазақ және басқа да түркі тілдеріндегі лексикамен семантикалық параллельдері мен этимологиялық байланыстары анықталды (мысалы, якутша сон және түркі тон – "тон"). Алынған нәтижелер саха халқының тілдік әлем бейнесін зерттеуге үлес қосып, олардың мәдени мұрасын тереңірек түсінуге жол ашады және этнолингвистика, түркітану мен салыстырмалы тіл білімі саласындағы кейінгі зерттеулерге негіз бола алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




