Шоқан Уәлиханов ғылыми мұрасында шығыс халықтары мәдениетінің зерттелуі: қазақ және қырғыз контекстіндегі талдау
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-230-247Кілт сөздер:
Шоқан Уәлиханов, қазақ, қырғыз, шежіре, жыр-дастан, эпос, Наурыз, «Едіге» жыры, «Манас» жыры, ру-тайпаАңдатпа
Мақалада авторлар Шоқан Уәлиханов ғылыми мұрасындағы қазақ және қызғыз халықтарының рухани-мәдени мәселелерін ғалым шығармалары негізінде қарастырды. Оның балалық шағы қазақтың тарихы мен мәдениетіне бай ортада өтті. Ол халық арасында кең таралған қазақ және қырғыз халқының аңыз-әңгімелерін, жыр-дастандарын, ертегілерді, ән-жырларды естіп, бойына сіңіріп өсті.
Ш. Уәлиханов қырғыз халқына 1856-1857 жылдары екі рет саяхат жасап, соның негізінде «Ыстықкөл күнделіктері (1856), «Қырғыздар туралы жазбалар (1856)» және «Жоңғария» очерктері (1860) еңбектерін жазған. Ғалым көшпелі халық ретінде қазақ және қырғыз халқының ру-тайпалық құрамына айрықша көңіл бөлген.
Авторлар қазақтар мен қырғыздардың халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне, атап айтқанда, шежіре, жыр-дастандар, аңыз-әңгімелерге талдаулар жасаған. Екі халықтың шаруашылық дәстүріне, тұрмыс-салтына, діни наным-сенімі мен дүниетанымдық көзқарастарына ерекше назар аударған. Мақалада «Едіге», «Манас», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» «Ер Көкше Ерқосай», «Орақ батыр» жырларына салыстырмалы талдаулар жасалған. Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов зерттеулеріндегі Наурыз мейрамына қатысты деректер, оның көзқарастары мен тұжырымдарына тереңірек мән беріле отырып, оның қазіргі ғалымдарының пікірімен үндесетіндігі сараланды.
Авторлар Уәлихановтың тұңғыш рет қазақ пен қырғыз екі түрлі халық деп дәлелдеп, олардың антропологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда негіздеуін ғылымға қосқан зор үлес деп бағалайды. Ш. Уәлихановтың қазақ және қырғыз қоғамында мал шаруашылығымен қатар, егіншілік, қала, қөлөнер сияқты бірнеше мәдени-шаруашылық түрлері қатар дамыды деген тұжырымы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.