Ұлттық құрылтай – кеңесуші демократия институты ретінде


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Р. Тасым Қазақстандық қоғамдық даму институты Қоғамдық процестерді зерттеу орталығы https://orcid.org/0000-0002-7584-8773
  • Н. Пұсырманов Мемлекет тарихы институты https://orcid.org/0000-0001-9905-0320
  • Ә. Назарбетова Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-9-27

Кілт сөздер:

Ұлттық құрылтай, кеңесуші демократия, қоғамдық диалог, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық келісім, қатысу демократиясы

Аңдатпа

Мақала Қ. Тоқаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың қызметіне назар аударады. Ұлттық құрылтайдың қатысу мен кеңесуші демократия түрінде қалыптасып, дамуы қоғамда алуан топтардың шешім қабылдауға және саясаттың қатысуына мүмкіндік береді. Осы бағытта Ұлттық құрылтай құрамын қалыптастыру туралы концептуалды дискуссия, Ұлттық құрылтай азаматтық-қоғамдық дискурс нысаны ретінде, Ұлттық құрылтайдың саяси коммуникациялық рөлі зерттеуіміздің басты сауалдарына айналды.

Зерттеудің ерекшелігі – Ұлттық құрылтай сияқты жаңадан орнығып келе жатқан органның Қазақстандағы кеңесуші демократияның дамуына үлесі призмасы арқылы зерделенеді. Мұндай делиберативті құрылымның орнығып, дамуы және оның белсенді әсері қоғамдық пікірдің жаңа деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Саяси жүйенің трансформациясы жағдайында құрылтайдың құрылуы биліктің халықты шешім қабылдау процесіне кеңінен тарту ғана емес, сонымен бірге саяси модернизацияның тұжырымдамалық фреймі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделінің құрамдас бөлігіне айналды. Осылайша Ұлттық құрылтай мемлекеттік саясатты жасау тәсілін өзгерте отырып, кері байланыс, қоғаммен кеңесу, қоғамды алға қарай қозғайтын идеяларды ұсынатын демократиялық қатысу құралы бола алды.

Мақала нормативтік құжат, сарапшылық пікір және эмпирикалық деректер талдауына негізделген. Осы орайда заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді әрі ыңғайлы платформа түрінде ілгерілетуде практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.

Автор өмірбаяны

Ә. Назарбетова, Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігі

 

 

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тасым, Р., Пұсырманов, Н., & Назарбетова, Ә. (2025). Ұлттық құрылтай – кеңесуші демократия институты ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 9–27. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-9-27

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар