Қазақстандағы этномәдени қауымдастықтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық стандарттар мен ұлттық саясат


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • О.Ж. Темірқұлов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0004-2078-740X
  • Т. Қалиев Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты https://orcid.org/0009-0007-2058-7813
  • Е. Серғазин Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-89-105

Кілт сөздер:

халықаралық құқық, этномәдени қауымдастықтар, мемлекеттік ұлттық саясат, адам құқықтары, этносаралық, азаматтық бірегейлік, Қазақстан халқы Ассамблеясы

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы біртұтас азаматтық ұлтты қалыптастыру жағдайында этномәдени қауымдастықтардың құқықтарын қорғаудағы халықаралық құқықтық стандарттардың рөліне терең талдау жасалады. Авторлар БҰҰ-ның азшылықтар құқығы туралы декларациясы, Адам құқықтары туралы халықаралық пактілер, сондай-ақ Ұлттық азшылықтарды қорғау туралы негіздемелік конвенция мен Еуропалық аймақтық тілдер хартиясы сияқты іргелі актілерге кешенді шолу жүргізді.

Ұлттық деңгейден жоғары нормаларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен үйлестіру мәселесіне ерекше назар аударылған. Зерттеу барысында халықаралық қағидаттардың Конституцияға және білім беру, мемлекеттік тіл саясаты мен этномәдени бірлестіктердің қызметін реттейтін салалық актілерге сәтті интеграцияланғаны атап өтіледі. Қазақстан Республикасының ұлтты ұйыстыру және мәдени плюрализмді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатына басымдық берілген. Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық бірлік моделін іске асырудың базалық механизмі ретіндегі функционалдық рөлі ашылып көрсетіледі. Этносаралық қатынастардың қазақстандық моделі азаматтардың теңқұқықтылығына кепілдік беретін және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тұрақты жүйе ретінде сипатталады. Адам құқықтарының әмбебап нормаларының ұлттық ерекшеліктерге бейімделу деңгейінің жоғары екендігі туралы қорытынды тұжырымдалған. Тұрақтылықты сақтау және ұзақ мерзімді қоғамдық дамуды қамтамасыз ету үшін жүйелі және инклюзивті тәсілдерді қолданудың маңыздылығы дәйектелген.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Темірқұлов, О. ., Қалиев, Т., & Серғазин, Е. . (2026). Қазақстандағы этномәдени қауымдастықтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық стандарттар мен ұлттық саясат. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 89–105. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-89-105

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар