Түркі-моңғол әлемі тоғысындағы Барлық Арасан
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-227-240Кілт сөздер:
Барлық Арасан, термоминералды су көздері, түркі-моңғол әлемі, мәдени ландшафт, бесікАңдатпа
Барлық Арасан – Абай облысының Үржар ауданының аумағында, Алакөлдің солтүстік-шығыс жағалауынан 18 шақырым жерде, Арасантаудың баурайында орналасқан, емдік қасиеті жоғары термоминералды су көздерімен танымал мекен. Оның геологиялық тарихы, табиғи жер бедері, климаттық ерекшелігі, фаунасы мен флорасы ғылыми тұрғыдан біршама зерттелген деуге болады. XIX ғасырдың 80-жылдарынан, яғни Қызыл Крест қоғамының Жетісу бөлімшесіне қараған тұстан бастап әртүрлі дереккөздерде бальнеологиялық шипажай ретінде көрініс тапқан. Жергілікті тұрғындар оны ежелден қасиетті орын санап, жүйке, буын, тері, асқазан, т.б. сырқат түрлерінен айықтыратын мүмкіндіктерін ерекше бағалаған. Мақалада мәдени-лингвистикалық және тарихи-салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, «Барлық Арасан» атауының шығу төркіні мен ол туралы ел ішінде айтылатын аңыздардың желісін, олардың тарихи кейіпкерлерін (Шыңғысхан, Галдан Церен, Абылай хан, Қабанбай) саралап қарағанда, бұл өңірдің мәдени ландшафты түркі-моңғол әлемімен тығыз байланысты екендігі айқын көрінді. «Барлық Арасан» құрама топонимінің «сазды, балшықты арасан (шипалы батпағы мен суы бар) жер" деген мағынаны білдіретіндігі және көне түркілік «тау культі», «су культі» танымдарының бірлігімен ұштасатындығы байыпталды. Бұл атаудың балама этимологиялық нұсқалары да ескерілді. Зерттеу нәтижелері Барлық Арасанның рухани бітімін насихаттауға және осы аймақтағы рекреациялық туризмді дамыту ісінің мәдени тармағына тиісінше үлес қоса алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




