Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраны сақтаудың әлеуметтік-саяси басымдықтары


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 147

Авторлар

Кілт сөздер:

тарихи-мәдени мұраны сақтау, мемлекеттік-саяси факторлар, өңірлік саясат, тарихи-мәдени құндылықтар мен нысандар, мәдени мұраны сақтау үдерісін реттеу, әлеуметтік-саяси негіздерді жаңғырту, мәдени саясат

Аңдатпа

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызды  мемлекеттік құжаттарында мәдени мұраны құндылық ретінде терең танумен қатар тарих пен мәдениетті жан-жақты дәріптеу және оның бейбітшілік пен тұрақтылықтың, әлеуметтік-экономикалық дамудың ресурсы ретіндегі әлеуетін ғылыми негіздеу бойынша тың талаптар қойылуда.

Бұл жаңа талаптар отандық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға құндылықтардың генезисін, олардың қауымдастықтар мен халықтардың мәдениетаралық және кеңістікаралық диалогындағы маңызын жаңаша пайымдау бойынша кешенді зерттеулер жүргізудің өзекті екендігін көрсетеді.

Ұсынылып отырған мақала пәнаралық ғылымдар тоғысында еліміздегі тарихи-мәдени мұраны сақтаудың әлеуметтік-саяси басымдықтарының негіздерін талдауға арналған.

Авторлардың қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын әлеуметтік-саяси институцияландырудың негізгі бағыттарын қарастыруы және тарихи-мәдени құндылықтардың рухани әлеуетін  қазіргі Қазақстанның мемлекеттік-саяси дамуымен сабақтастығының факторлары мен шарттарын талдаулар жүргізуі мақаланың өзектілігін айқындайды.

Мақала тарихи-мәдени мұраны сақтаудың институционалдық негіздерінің деңгейі мен тиімділігін, олардың аймақтық және салалық аспектілерде саралануын анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада алынған тұжырымдар мен ұсыныстар жаңа Қазақстанның әлеуметтік-мәдени саясатының жаңа моделіне көшудің басым бағыттарын айқындауда практикалық маңыздылыққа ие.

Жүктеулер

Жарияланды

27.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арын, Е., & Кішкенбаева, Ж. (2024). Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраны сақтаудың әлеуметтік-саяси басымдықтары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 148(3), 33–45. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/728

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар