Саяси білім берудегі рухани және саяси дүниетанымның өзара байланысы


Қаралымдар: 18 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-9-20

Кілт сөздер:

дүниетаным, руханилық, саяси білім беру, рухани дүниетаным, саяси дүниетаным

Аңдатпа

Отандық саяси ғылымдарда ұсынылып отырған тақырып тұңғыш рет зерттеліп отыр. Берілген мақалада саяси білім берудегі рухани және саяси дүниетанымның өзара байланысы кешенді түрде талданады. Қазіргі жаһандану жағдайында рухани және саяси көзқарастардың тоғысуы тұлғаның ішкі сенім жүйесі, саяси белсенділігі және азаматтық жауапкершілігіне тікелей ықпал ететінін дәлелдейді. Авторлар саяси білім беру процесінде рухани құндылықтар мен саяси идеялардың өзара әрекеттестігін интегративті тәсілдермен дамыту қажеттілігін негіздейді. Мақалада руханилықтың мәні, саяси дүниетанымның құрылымы, отбасы институтының рөлі, студенттердің дүниетанымдық бағдарын қалыптастырудағы білім беру саясатының маңызы қарастырылады. Саяси және рухани дүниетаным үйлесімі оқу бағдарламаларына дүниетанымдық компоненттерді енгізу, оқытушылардың біліктілігін арттыру және сыни диалог ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында білім мазмұнын жетілдіру, болашақ мамандардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру және демократиялық құндылықтарды қалыптастыру бағытында нақты ұсыныстар береді. Мақала рухани және саяси дүниетанымның өзара әрекеттестігінің теориялық негіздерін көрсетіп қана қоймай, саяси білім беру тәжірибесін жаңғыртуға үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Насимов, М. ., & Паридинова, Б. . (2025). Саяси білім берудегі рухани және саяси дүниетанымның өзара байланысы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 153(4), 9–20. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-9-20

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар