Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы өңіраралық диалогты қалыптастырудағы мәдени дипломатияның рөлі
Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 6
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-33-46Кілт сөздер:
Орталық Азия, Оңтүстік-шығыс Азия, мәдени дипломатия, өңіраралық диалог, ASEAN, жұмсақ күш, ЮНЕСКОАңдатпа
Мақалада Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері арасындағы мәдени дипломатияның өңіраралық диалогты қалыптастырудағы және нығайтудағы маңызы жан-жақты қарастырылады. Жаһандану үдерісі жағдайында мәдени байланыстар тек ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік және өңіраралық деңгейлерде де ерекше маңызға ие болуда. Мәдени дипломатия – бұл елдердің ұлттық мәдени құндылықтарын, тілін, дәстүрін және тарихи мұрасын таныстыру арқылы сенім мен өзара түсіністікті қалыптастыратын «жұмсақ күш» құралы. Мақалада екі өңір елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – мәдени іс-шаралар мен фестивальдер ұйымдастыру, білім беру және ғылым саласындағы серіктестік, жастар мен студенттер алмасуы, сондай-ақ туризм мен креативті индустриялар саласындағы жобалар сипатталады. Бұл өзара іс-қимылдың мақсаттары халықтар арасындағы байланыстарды тереңдету, аймақтар арасындағы сенімді нығайту, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті дамыту. Мысалы, ASEAN мен Орталық Азия елдері арасындағы ресми және бейресми мәдени алмасу бағдарламаларын, бірлескен форумдарды, халықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО, ISESCO) арқылы іске асырылатын жобалар мәдени дипломатияның құрылымдық негіздерін сипаттайды. Сонымен қоса, сандық технологиялар заманының мүмкіндіктерін атап өтсе болады. Онлайн көрмелер, виртуалды мәдени фестивальдер, бірлескен киножобалар мен әлеуметтік медиа арқылы мәдени ықпалдастықтың жаңа формаларын ашуға байланысты бірқатар жобалар талқыланады. Мақалада мәдени дипломатияны жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар мен шектеулер де сараланады. Тілдік және мәдени айырмашылықтар, институционалдық қолдаудың жеткіліксіздігі, қаржылық ресурстардың шектеулігі сияқты мәселелер көтеріліп, оларды шешудің мүмкін жолдары ұсынылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




