Диаспоралардың жаһандық саясаттағы рөлі: Израиль, Қытай, Үндістан және Қазақстан тәжірибесі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Е.К. Чинчалинов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0006-6504-8605
  • Н.К. Мухлисов Тұран-Астана университеті https://orcid.org/0009-0004-8872-099X
  • Г.С. Абдрахманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-83-99

Кілт сөздер:

диаспора, трансұлттық акторлар, Израиль, еврей диаспорасы, әлеуметтік интеграция, үнді диаспорасы, инвестиция, қосарлы адалдық, Қазақстан, қазақ диаспорасы, мәдени орталықтар, мемлекеттік саясат

Аңдатпа

Диаспоралар қазіргі жаһандық саясатта трансұлттық акторлар ретінде маңызды рөл атқарады. Олар Отанымен және қабылдаушы елмен байланыстарын сақтап, саяси және экономикалық ықпалға ие болады. Израиль мемлекетінің құрылуы мен еврей диаспорасымен қарым-қатынасы осы мәселенің айқын мысалы болып табылады. 1950 жылғы «Қайту заңы» арқылы еврейлердің Израильге репатриациялану құқығы заңдастырылып, сионизм идеологиясы бекітілді. 1990-шы жылдардағы репатриациялық саясат дағдарысы диаспорамен өзара іс-қимыл формаларын қайта қарастыруды талап етті. Израиль еврей диаспорасының саяси және экономикалық әлеуетін пайдаланып, АҚШ-тағы ықпалды лобби – AIPAC арқылы сыртқы саясатта маңызды рөл атқарады. Бұл лобби Вашингтон мен БАҚ-тағы ықпалын пайдалана отырып, Израильдің мүдделерін қорғайды және қоғамдағы оң имиджін қалыптастырады.

Қытай диаспорасының ұғымы мен терминологиясы талданып, оның күрделілігі көрсетіледі. Австралиядағы қытай миграциясының тарихы мен себептері, соның ішінде 1970-1990 жылдардағы саяси және экономикалық факторлар қарастырылады. Қытай диаспорасының Австралиядағы әлеуметтік-экономикалық интеграциясы, кәсіпкерлік және білім саласындағы белсенділігі ерекше атап өтіледі. Сонымен қатар, диаспораның Отанымен байланыстары мен экономикалық ықпалы талданады.

Үнді диаспорасының әлемдегі таралуы мен Үндістан үкіметінің олардың жағдайын реттеу саясаты қарастырылады. Шетелдегі үнділердің саны 27 миллионға жуық, олардың негізгі бөлігі АҚШ, Малайзия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінде шоғырланған. Үкімет 2000 жылдан бері арнайы комитет пен министрлік арқылы диаспорамен жұмыс істеп, инвестиция тарту мен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады. АҚШ-тағы үнділердің саяси интеграциясына қатысты «қосарлы адалдық» феномені де талданады.

Қазақстанның қазақ диаспорасын қолдау мәселесі «Отандастар қоры» мен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының қызметтері арқылы іске асырылады. «Қазақ үйі» жобасы әлем бойынша мәдени орталықтар желісін құрып, қазақ тілін, мәдениетін насихаттайды. Халықаралық іс-шаралар мен «Ұлы дала» әдеби байқауы қазақ диаспорасының рухани байланысын нығайтып, мәдени мұраны сақтауға бағытталған. Бұл жұмыстың барлығы қазақ диаспорасының ұлттық болмысын нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Чинчалинов, Е. ., Мухлисов, Н. ., & Абдрахманова, Г. . (2025). Диаспоралардың жаһандық саясаттағы рөлі: Израиль, Қытай, Үндістан және Қазақстан тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 153(4), 83–99. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-83-99

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар