Жаңа медианың Қазақстандағы саяси мәдениетке ықпалы


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-9-24

Кілт сөздер:

саяси мәдениет, жаңа медиа, саяси белсенділік, онлайн қатысу, әлеуметтік желі

Аңдатпа

Бүгінгі цифрлық дәуірде жаңа медиа платформалары әлемдегі елдердің саяси мәдениеті мен қатысуын айтарлықтай өзгертті. Бірегей әлеуметтік-саяси құрылымға ие Қазақстанда да саяси қатысудың, әсіресе жастар арасындағы белсенділіктің өзгерістері байқалуда. Әлеуметтік медианың кең таралуы саяси белсенділік пен қоғамдық пікірге әсер етіп, елдің саяси мәдениетіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл мақалада жаңа медианың Қазақстандағы саяси мәдениетке оның ішінде азаматтардың саяси білімі мен саяси құндылықтарының қалыптасуына және саяси белсенділігіне ықпалы қарастырылады. Негізгі назар жастар белсенділігіне, мемлекеттік институттарға деген сенімге және азаматтық қатысу динамикасына аударылған. Соңғы зерттеулер мен статистикалық деректерге сүйене отырып, бұл мақалада цифрлық платформалардың саяси пікір білдіру мен мобилизация алаңына айналғаны және олардың басқару мен әлеуметтік мәселелерге деген көзқарасқа қалай ықпал ететіні, саяси қатысу құралы ретінде әлеуметтік желілердің рөлінің артқаны, сондай-ақ саяси кеңістіктің цифрлануымен байланысты мүмкіндіктер мен сын-қатерлер талданады. Мақалада әлеуметтік желілердегі қазақстандық саяси дискурстың мәні мен мазмұнын контент-талдау жасай отырып, оның саяси мазмұнының жиілігін, тақырыптарын (қолдау, сыни, бейтарап) және қатысуы (ұнату, бөлісу, пікірлер) талданды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Төлен, Ж. ., Халбеков, А. ., & Жандосова, Ш. . (2026). Жаңа медианың Қазақстандағы саяси мәдениетке ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 155(2), 9–24. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-9-24

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар