Әулие әйелдер культінің генезисі: исламға дейінгі және ислам дәуіріндегі байланыстар


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-232-245

Кілт сөздер:

әулие әйелдер, генезис, культ, ислам, түркі халықтары, дін, дүниетаным

Аңдатпа

Мақала түркі халықтарындағы әулие әйелдер культін зерттеуге арналған. Әулие әйелдер культін зерттеу адамзат тарихындағы «әйел» концептісінің шығу тарихы мен оларға тән функционалдық сипатты анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты – әулие әйелдер культінің генезисін түркі халықтарының даму тарихы мен мәдениеті негізінде анықтау. Зерттеу жұмысында негізге алынған мақсатты жүзеге асыру үшін әулие әйелдер культінің генезисін исламға дейінгі және ислам дәуіріндегі байланыстарға сай мәдени-тарихи, тарихи-генетикалық негізде талдау, түркі халықтарының дүниетанымынан орын алған әулие әйелдердің есімдерін жинақтау және іріктеу, шығу тегі мен халық қоғамындағы қызметін интерпретациялау міндеттері орындалды.

Ғылыми зерттеу аясында әулие әйелдер культінің генезисін зерттеу мақсатында есімдерді іріктеу, түркі халықтарына тән әулиелік культінің әйелдерге қатысты ортақтығы мен ерекшеліктерін салыстырмалы талдау, аталған үлкен екі кезеңге сай халық дүниетанымын қалыптасуы мен дамуындағы әулие әйелдер культінің ұлттық мәдениет пен дінге, діл мен рухани санаға тән мән-мағынасын түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңызы – түркі халықтарындағы әулие әйелдер культінің генезисін зерттеуде және оны нақты кезеңдер тарихына сай талдауда ұлттық тарих, мәдениет, мәдениетаралық байланыс, ең бастысы – әулиелік культіндегі әйелдің рөлін нақты сипаттауға, рухани танымды жаңғыртуға мүмкіндік беру нәтижесімен құнды. Теориялық тұжырымдарға сәйкес жұмыстың жүйеленген нәтижелері мәдениетаралық коммуникацияда, түркі халықтарының мәдениеті мен тарихы, әдебиеті бойынша арнайы курстарда қолданбалы материал болу мүмкіндігімен зерттеудің практикалық маңызын айқындайды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бекетова, Д. ., & Озунел, Э. . (2025). Әулие әйелдер культінің генезисі: исламға дейінгі және ислам дәуіріндегі байланыстар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 232–245. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-232-245

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану