Ақпараттық қоғам: эволюциясы, құрылымдық ерекшеліктері және даму бағыттары


Қаралымдар: 221 / PDF жүктеулері: 119

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-94-114

Кілт сөздер:

ақпараттық қоғам, цифрлық экономика, инновациялар, жаһандану, әлеуметтік трансформациялар, киберқауіпсіздік, цифрлық технологиялар

Аңдатпа

Мақала ақпараттық қоғамның мәнін, оның құрылымдық ерекшеліктерін және қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық қызметке тигізіп жатқан ықпалын жан-жақты талдауға арналған. Ақпараттық қоғам – бұл ақпарат негізгі стратегиялық ресурсқа айналып, экономикалық, саяси, мәдени және әлеуметтік салалардағы шешімдерді анықтайтын жаңа тарихи даму кезеңі. Мұндай қоғамда ақпаратты өндіру, өңдеу, сақтау және тарату – басты экономикалық құндылықтар болып есептеледі.

Мақалада ақпараттық қоғамның қалыптасуына әсер еткен маңызды тарихи алғышарттар мен ғылыми-техникалық прогрестің рөліне ерекше назар аударылған. Инновациялық технологиялардың қарқынды дамуы, цифрлық инфрақұрылымның кеңеюі, интернет пен телекоммуникация желілерінің жаппай таралуы – осы үдерістің негізгі қозғаушы күштері ретінде сипатталады. Сонымен қатар ақпараттық қоғамның қалыптасуы жаһандану үдерістерімен де тығыз байланысты.

Цифрландыру процесінің нәтижесінде экономикалық құрылым түбегейлі өзгеріп, жаңа қызмет түрлері, мамандықтар мен кәсіптер пайда болуда. Білім беру жүйесі интерактивті, қашықтықтан оқыту платформалары арқылы жаңғырып, коммуникациялық қатынастар цифрлық құралдар арқылы жүзеге аса бастады. Еңбек нарығында да цифрлық дағдыларға сұраныс өсіп келеді.

Мақалада қазіргі ақпараттық қоғамның алдында тұрған бірқатар сын-тегеуріндер атап көрсетілген. Атап айтқанда, сандық теңсіздік, яғни интернетке қолжетімділік айырмашылықтары, киберқауіпсіздік қатерлері, жеке деректердің құпиялылығы мен қорғалуы және адамдар арасындағы дәстүрлі қарым-қатынас мәдениетінің өзгеруі сияқты мәселелер кеңінен талқыланады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибраева, А., Сарсенова, С., & Кондыкерова, Қ. (2025). Ақпараттық қоғам: эволюциясы, құрылымдық ерекшеліктері және даму бағыттары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 94–114. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-94-114

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар