Ресей мен Қазақстанның шекаралық ынтымақтастығын зерттеудегі тұжырымдамалық тәсілдер


Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 29

Авторлар

  • А.Е. Ибраева
  • С.Б. Кожирова

Кілт сөздер:

Шекара маңы ынтымақтастығы, Ресей, Қазақстан, Халықаралық қатынастар теориясы, әдіснамалық тәсілдер, экономикалық байланыстар, үйлестіру.

Аңдатпа

Жаһандану мен аймақтандырудың әсерінен қазіргі әлемде болып жатқан
трансформациялық үдерістер шекаралық ынтымақтастықтың рөлін түсінуді қажет
етеді.
Шекара маңындағы өңірлердің жан-жақты өзара іс-қимыл мәселесі саяси ғылым үшін
айтарлықтай жаңа болып табылады. Шекара маңы өңірлерінің мәселелері бойынша
жан-жақты зерттеулерге қарамастан, бүгінгі күні шекара маңы ынтымақтастығы
проблемаларының көптеген үрдістері бар. Алайда, қазіргі заманғы ғылымда саяси құбылыс ретінде шекаралық ынтымақтастықты жан-жақты зерттеу құралы ретінде
қызмет ететін әдіснаманың, тәсілдер мен тұжырымдамалардың белгілі бір жиынтығы
қалыптасқан.
Мақала жаһандану жағдайында ТМД елдерінің алдында тұрған міндеттер тұрғысынан
да қызығушылық тудырады. Оларда Қазақстан мен Ресей Федерациясы маңызды рөл
атқарады. Тиісінше, Ресей-Қазақстан шекара маңы (және аймақаралық) ынтымақтастығының мәні күрт артып, екі елдің экономикалық интеграциясын ынталандырады.
XX-XXI ғғ. басындағы Ресей-Қазақстан шекара маңы ынтымақтастығының тәжірибесі
халықаралық қатынастардың теориялары мен тұжырымдамалары призмасы арқылы
ерекше қызығушылық тудырады және қазіргі уақытта түбегейлі жаңа сапаға ие болатын объективті алғышарттарды, қалыптасу, даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Мақалада қазіргі жаһандану және аймақтандыру жағдайында шекаралық ынтымақтастықты жүзеге асырудың теориялық және әдістемелік аспектілерін қарастырады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибраева, А. ., & Кожирова, С. (2021). Ресей мен Қазақстанның шекаралық ынтымақтастығын зерттеудегі тұжырымдамалық тәсілдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 137(4), 77–84. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/461

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар