Жаһандық трендтердің Таяу Шығыс және Орталық Азия аймағы елдеріне әсері
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-171-186Кілт сөздер:
Таяу Шығыс, Орталық Азия, жаһандық трендтер, аймақтық үрдістер, терроризмАңдатпа
Мақалада әлемді шарпыған жаһандық трендтердің Таяу Шығыс пен Орталық Азия мемлекеттеріне тигізген жағымсыз әсері және қауіп-қатерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Қазіргі уақытта әлем елдері тыс қалуы мүмкін емес экономикалық дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық, инвестицияның кетуі, Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс, аймақтардағы қақтығыс нүктелерінің өсуі, акторлар арасындағы қайшылық т.б. проблемалардың Таяу Шығыс пен Орталық Азияға ықпалы талданады. Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы бүгінгі белгілі және алдағы уақытта өзінің ареалын кеңейтуі мүмкін пассивті қауіп-қатерлер де мақаланың өзегіне айналып, байыпты талдау жасалады. Соңғы уақыттағы Израиль мен Палестина арасындағы жағдайдың бұрынғыдан бетер шиеленісуі, сонымен қатар, әлем көз тіккен Газа секторындағы Израильдің әскери операциясының белсенді сипат алып, ұлғаюы, тараптар арасының ушығуы қарастырылады. Сондай-ақ, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдеріндегі аймақтық үрдістерге сыртқы акторлардың әсері талданады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.