«Шежіре-и теракиме» еңбегінде кездесетін бірқатар арабизмдер
Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 110
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-254-264Кілт сөздер:
шағатай жазба тілі, қолжазба, арабизмдер, семантика, лексикаАңдатпа
Түркі жазба мұраларын, тарихи қолжазбалар мен жыр-дастандарды лингвистикалық аспектіде саралау тілдің қалыптасу, дамуын тарихын айқындауда айрықша маңызды. Зерттеу мақалаға XVII ғасырда жазылған Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегі нысаны ретінде алынды. «Шежіре-и теракиме» – түркі халықтарының тарихына, мәдениетіне, этнографиясына, жер-су атауларына қатысты мол деректерді қамтитын орта ғасырлық еңбек. Шағатай жазба тілінде жазылған бұл еңбек – Оғызнама дастанының араб әліпбиімен жазылған нұсқасы. Қолжазба мәтін орта ғасырлық еңбек болғандықтан, лексикалық қабатында көне түркі элементтерімен қоса араб, парсы, моңғол сөздері де кездеседі. Зерттеу мақалада шежіре тілінде кездесетін бірқатар арабизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері, олардың қазіргі қазақ тіліндегі, қазақ фольклорлық үлгілеріндегі, ақын-жыраулар поэзиясындағы қолданысы зерделенеді. Тарихи лексикологияда кірме элементтерді, оның ішінде, араб және парсы сөздерін семантикалық тұрғыдан саралауда «араб-парсы сөздері» деген шартты атау жиі қолданылады. Соның негізінде мақалада кірме сөздер араб-парсы элементтері деп емес, жеке дара тілдік ерекшеліктер ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, шежіре мәтініндегі лафз/лебіз «сөз», ғиш, ғишрат/айыз «тойлау, сауық құру», қатил/қатал «соғыс, қырғын», есир/жесір «тұтқын», фурсат/мұрсат «мүмкіндік» секілді араб элементтері семантикалық тұрғыдан талданады. Бұл сөздердің қазақ фольклорлық жырларындағы, қазіргі қазақ тіліндегі мағыналық қолданысы сараланады. Зерттеу мақаланың негізгі мақсаты – «Шежіре-и теракиме» еңбегінде кездесетін араб элементтерін тілдік тұрғыдан талдап, шағатай жазба тілі мен қазақ тілінің арасындағы тарихи сабақтастықты айқындау. Зерттеу барысында семантикалық талдау әдісі, сипаттамалы әдіс, тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы әдіс-тәсілдер қолданылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




