Наксалиттер және Үндістанның қауіпсіздік мәселелері: мәселені зерттеу тәсілдері


Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 177

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-9-20

Кілт сөздер:

Үндістан Республикасы, әлеуметтік наразылықтар, саяси терроризм, діни экстремизм, наксалит-маоистер, терроризммен күрес

Аңдатпа

Қазіргі халықаралық қатынастардағы ең жойқын мемлекеттік емес агрессивті акторлардың бірі халықаралық терроризм болып табылады. Террористік іс-әрекет нысандарын талдау оның ұлттық, діни, этникалық қақтығыстармен, сепаратистік және азаттық қозғалыстармен тығыз байланысының бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар терроризмнің пайда болу және даму себептері адамзат қоғамы өмірінің барлық салаларын қамтитын проблемалармен тығыз байланысты. Ең алдымен, ұлттық және аймақтық форматтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму мәселелерінің шешілмеуі, сондай-ақ әлеуметтік теңсіздік салдарынан туындайды.

Авторлардың пайымдауынша, бұл тұрғыда Оңтүстік Азияның ірі мемлекеттерінің бірі Үндістан Республикасындағы наксалиттер қозғалысының ілімдік негіздерінің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін зерттеу үшін ерекше қызығушылық тудырды. Үнді-Қытай мемлекетаралық қарым-қатынастарындағы қайшылықтар негізінде наксалиттер қозғалысының эволюциясына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мақалада Үндістанның ішкі қауіпсіздігіне төнген қатерлерді зерттеудің әдіснамалық тәсілдері қарастырылып, наксалиттер қозғалысының аймақтық тұрақтылыққа тигізетін әсеріне ғылыми талдау жасалады. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары Оңтүстік Азиядағы қазіргі заманғы экстремизм мен сепаратизм мәселелерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі мемлекеттік емес агрессивті актерлердің рөлін бағалауға елеулі үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Какенова G. ., Арсслан A. ., & Турунтаева A. . (2026). Наксалиттер және Үндістанның қауіпсіздік мәселелері: мәселені зерттеу тәсілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 9–20. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-9-20

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар