Қытай мен Қазақстан арасындағы экологиялық дипломатия аясындағы суды тұрақты пайдаланудың мәселелері мен перспективалары
Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 43
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-141-157Кілт сөздер:
экологиялық дипломатия, трансшекаралық өзендер, су ресурстары, Қазақстан, Қытай, орнықты даму, су қауіпсіздігі, су дипломатиясы, халықаралық ынтымақтастық, экожүйелік тепе-теңдікАңдатпа
Мақала Қытай мен Қазақстан арасындағы экологиялық дипломатия аясындағы суды тұрақты пайдалану мәселелерін және болашақ перспективаларын талдауға арналған. Қазақстан мен Қытай – трансшекаралық өзендер жүйесіне иелік ететін елдер ретінде өзара экологиялық және су ресурстары саласында тығыз байланыста. Ертіс, Іле және басқа да өзендер екі мемлекеттің шекараларын кесіп өтетін маңызды су көздері болып табылады. Бұл өзендердің су ресурстары ауыл шаруашылығында, энергетикада, өнеркәсіп пен тұрмыстық мақсатта кеңінен пайдаланылады, әрі экожүйенің тұрақтылығын сақтау тұрғысынан ерекше мәнге ие.
Алайда су ресурстарын бірлесіп және әділетті пайдалану барысында бірқатар қиындықтар туындайды. Қытайдың батыс аймақтарындағы суармалы жерлер мен дамып жатқан өндірістік кешендердің қажеттілігі өзен ағысының төменгі жағында орналасқан Қазақстанға әсер етеді. Судың көлемі мен сапасының төмендеуі Қазақстанның экожүйесіне, биоалуантүрлілікке және әлеуметтік-экономикалық жағдайға қауіп төндіреді. Бұл жағдай экологиялық дипломатияның жаңа формалары мен келіссөз механизмдерін дамытуды талап етеді.
Зерттеу барысында Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты және көпжақты келісімдер, су ресурстарын басқару стратегиялары, халықаралық құқық нормалары мен орнықты даму мақсаттары тұрғысынан талдау жүргізілді. Сонымен қатар, екі елдің экологиялық дипломатиясындағы күшті және әлсіз жақтары сараланып, институционалды әріптестікті күшейту, технология алмасу, ортақ мониторинг жүйелерін құру және азаматтық қоғамды тарту секілді болашақ перспективалар ұсынылды. Бұл зерттеу трансшекаралық суды әділетті және тұрақты пайдалану мақсатында экологиялық дипломатияның рөлін арттыруға бағытталған ғылыми негіздеме ретінде қызмет етеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




