Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы көші-қонның ықпалы
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-142-158Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), көші-қон саясаты, эмигранттар, иммигранттар, сыртқы көші-қонАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты, сондай-ақ оның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) еңбек ресурстарын өзгертудегі рөлі сипатталған. Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы саясатының негізгі мақсаты — елдің ұлттық қауіпсіздігі мен бірегейлігін сақтау мен нығайту үшін көші-қон үдерістерінің кері әсерлерін төмендету, сонымен қатар заңсыз көші-қонды шектеу және елге пайдалы, мақсатты көші-қонды дамыту.
Эмигранттар мен иммигранттардың сыртқы көші-қонына және оның Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайына әсеріне статистикалық талдау жүргізілді. Посткеңестік кеңістіктегі көші-қонның 2020 жылғы пандемия жағдайына тарихи байланыстары, сондай-ақ цифрлық еңбек биржасы жүйесі қолға алған бастамалар берілген. ЕАЭО аумағында эмигранттар мен иммигранттарды қадағалаудың ортақ цифрлық жүйесі ұсынылады. Қазақстанның көші-қон саясаты аймақтық және жаһандық еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуді қажет етеді, сондықтан ол демографиялық ахуалды тұрақтандыруға да бағытталған. Сонымен қатар адами капиталды тиімді пайдалану және шетелден білікті мамандарды тарту елдің инновациялық дамуына ықпал етеді. Көші-қон үдерістерін басқаруда халықаралық ынтымақтастық пен интеграциялық тетіктердің маңызы артып отыр.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




