Түркі мәдениетіндегі ыдыс-аяқ түрлерінің деректік құндылығы


Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 35

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-315-324

Кілт сөздер:

Есік обасы, сақ кезеңі, көне түркілер, руна жазуы, ыдыс-аяқтар, таңба, мәдениет

Аңдатпа

Мақалада түркі халқының материалдық мәдениетіне жататын – ыдыс-аяқ түрлерінің археологиялық зерттеулерде маңызды дереккөз ретінде қарастырылады. Ыдыс-аяқ түрлері байырғы түркілердің генезисі саналатын сақ дәуірі ескерткіштері кезеңінде, қола дәуірі қоныстарында пайдаланылған қыш ыдыстар және дәстүрлі ортада қолданыста болған ыдыс-аяқ түрлерінен көрініс табады. Мақаланың мақсаты – байырғы  түркі кезеңінен сақталып келген ыдыс-аяқ түрлерін, ондағы жазу белгілерін дәстүрлі мәдениеттің бір формасы ретінде қарастырып, оны заттай дерек ретінде зерделеу. Бұл үшін археологиялық қазбалардан табылып жатқан артефактілер мен оның ерекше белгілерін салыстырып зерттеу басшылыққа алынды. Мақалада сақ дәуірі ескерткіші – Есік обасына (б.з.б. V–VI ғғ.) жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған, түбінде 26 таңбалы жазуы бар күміс тостағанның құндылығы, оқылу нұсқалары, жасалу материалы мен техникасы жайында айтылады. Сонымен қатар, қола дәуіріндегі заттай ескерткіштерді зерттеуде құнды дерек болып табылатын қыш ыдыстар, олардың формалары, өрнек жүйесінің салыну ережесі сияқты мәселелерге назар аударылады, ыдыс-аяқтарға салынған өрнектердің этникалық көрсеткіш ретіндегі мәні түсіндіріледі. Түркі кезеңіндегі материалдық мәдениеттің көрнекті үлгілерінің бірі болып табылатын ыдыс-аяқ түрлерінің қазіргі этномәдениеттегі жалғасы, ұлттық дүниетанымда алар орны, халқымыздың күнделікті тұрмыста пайдаланған ыдыстарының атқарған қызметі туралы да мағлұмат беріледі. Мақалада археологиялық деректер мен арнайы әдебиеттер пайдаланылған.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Амирова M., Шауенова G., & Уракова Янч L. (2025). Түркі мәдениетіндегі ыдыс-аяқ түрлерінің деректік құндылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 315–324. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-315-324

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану