Маңғыстау аймағындағы көне түркілік топонимдер


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-276-287

Кілт сөздер:

Ағыс ада, Маңғыстау топонимдері, топоареал, Каспий, топокарта, арал, мүйіс, түбек, тілше, Кендірлі, этимология

Аңдатпа

Маңғыстауды әр түрлі кезеңде мекендеген тайпалар мен ұлыстардың тарихы, тілі, әдет-ғұрпы, дәстүрі, діни танымы туралы жүйелі ақпарат жинау үшін Маңғыстау топоареалындағы түрлі кезеңдегі өзгерістерді пайымдаудың маңызы үлкен. Осы бағытта көне жазба құжаттарда, зерттеу еңбектерде, ежелгі карталарда, кейінгі ХVIII-XIX ғасырлардағы орыс экспедициясы жазбаларында берілген Маңғыстау топонимдері туралы ақпарат көп рөл атқарады. Сонымен қатар тарихи жазба құжаттардағы, күнделіктер мен есеп-жазбалардағы, карталардағы мәліметтерді салыстырып, бір-бірімен толықтыра отырып, Маңғыстау топоареалының топотұрпатын жаңғыртуға мүмкіндік аламыз. Маңғыстаудың байырғы тұрғындарының жадында консервацияланып қалған топонимдік ақпарат, жер-су туралы білім қорын қайта қарастырамыз.

Қазіргі таңда экологиялық ахуалы ғаламдық мәселеге айналып отырған Каспий теңізі деңгейінің бірде толып, бірде тартылып отыруы, соған сәйкес кейбір аралдардың, түбектердің, шығанақтардың пайда болып, жойылып отыруы, олардың атауларының түрлі карталарда түрліше сақталуы – біздің зерттеуіміздің негізгі нысаны деуге болады.

Мақаланың мақсаты – Каспий жағалауындағы көне топоним – Ағыс ада атауының шығу тегін сол жерді мекендеген көне түркі тайпалар тілімен байланыста қарастыру. Каспий теңізінде болған аралдар, шығанақтар, олардың осы кезеңге дейін өзгеруі және болашақта да өзгеру мүмкіндігін ғылыми болжау үшін атауларды зерттеу қажет деп ойлаймыз. Маңғыстау топонимдері туралы зерттеулерде Каспий теңізіндегі арал, шығанақ, түбек, мүйіс атаулары назардан тыс қалып келді.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Артықбаев, Ж. . ., & Нұрдәулетова, Б. (2025). Маңғыстау аймағындағы көне түркілік топонимдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 276–287. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-276-287

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану