Сібір халықтарының (саха, хакас, тыва) шамандық дәстүріндегі бүркіттің орнитоморфтық бейнесі
Қаралымдар: 145 / PDF жүктеулері: 90
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-304-314Кілт сөздер:
шаманизм, орнитоморфтық бейне, Сібір халықтары, рухани дәстүрлер, бүркіт, шамандық киімдер, атрибуттар, саха, хакас, тываАңдатпа
Мақалада Сібір халықтарының шамандық дәстүрлеріндегі орнитоморфтық бейнелер кешенді түрде зерттеледі. Орнитоморфтық символдар шамандық дүниетанымда ерекше орын алады, себебі олар рухтар әлемімен байланыс орнатуда, космогониялық түсініктерді бейнелеуде маңызды қызмет атқарады. Мақалада осы халықтардың шамандық рәсімдердегі құс бейнелерінің соның ішінде бүркіттің символикалық мағынасы талданады.
Зерттеудің өзектілігі Сібір халықтарының (саха, хакас, тыва) мәдени мұрасын, оның ішінде шамандық дәстүрлердегі бүркіттің орнитоморфтық бейнесінің ритуалдық, символдық және дүниетанымдық маңызын тереңірек түсінумен байланысты. Орнитоморфтық бейнелерді зерттеу саха, хакас және тыва халықтарының рухани әлемін және мифологиялық түсініктерін жаңаша қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Мақалада осы халықтардың шамандық рәсімдеріндегі және атрибуттарындағы бүркіт бейнелерінің символикалық мағынасы талданады. Зерттеуде мифологиялық, этнографиялық және мәдениеттанулық әдістер қолданылды. Мифологиялықталдауда шамандық дүниетанымдағы бүркіт бейнесінің мәні ашылып, олардың рөлі анықталды. Этнографиялық әдістер шамандық тәжірибелердегі бүркіттің рөлін зерттеуге мүмкіндік берді. Мәдениеттанулық талдау құстардың тек ритуалдық ғана емес, әлеуметтік-мәдени маңызын да ашып көрсетті.
Зерттеу нәтижелері Сібір халықтарының (саха, хакас, тыва) шамандық дәстүрлерінде құстардың көпқырлы рөлі бар екендігін айқындады. Бүркіттің қауырсындары шамандық киімдерде, ал олардың бейнелері даңғыра (бубен) мен бас киімдерде жиі кездеседі. Дыбыстық имитациялар, мысалы, бүркіттің дауысы ритуалдық әндер мен ғұрыптардың маңызды бөлігі болып табылады.
Сібір халықтарының құстар бейнелеріне негізделген шамандық дәстүрлері заманауи қоғам үшін рухани және мәдени байлықтың қайнар көзі ретінде өзектілігін жоғалтпайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




