Этносаралық жанжалдарды реттеудiң алдын алу саясатын iске асырудағы медиация институтының әлеуетi


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • А.К. Күмісбеков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Т.А. Дронзина Климент Охридский атындағы София университеті
  • А.А. Аяганова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-59-69

Кілт сөздер:

медиация, алдын алу, этносаралық шиеленістер, мемлекеттік саясат, Қазақстан халық Ассамблеясы, сарапшылар

Аңдатпа

Қазақстанның этносаралық қатынастар саласындағы алдын алу саясатын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету қабілеті –  мемлекеттілік тұрақтылығының маңызды факторы. Мақалада, оның ішінде сараптамалық сауалнамаға сүйене отырып, Қазақстанда білікті медиаторлардың жетіспеушілігі айтылады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының (ҚХА) жұмысы шеңберінде білікті медиаторларды даярлау жөніндегі жұмысты күшейту өзектілігі дәлелденуде. Жетілдіруді талап ететін медиаторлар қызметінің негізгі бағыттарының арасында: медиаторларды оқыту аспектісінде халықаралық өзара іс-қимылды күшейту; жоғары кәсіптік білім беру жүйесі шеңберінде медиаторлар үшін өзекті халықаралық бағдарламалар мен біліктілікті арттыру курстарын дамыту және басқалары қарастырылады. Қосымша атап өтерлігі, этносаралық қатынастар саласындағы медиативтік қызметті институционализациялау қақтығыс әлеуетін төмендетуге және қоғамда диалог мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Эмпирикалық зерттеулер кәсіби медиацияның жасырын этносаралық шиеленістерді ерте анықтау мен алдын алудың тиімді құралы екенін көрсетеді. Осы тұрғыда халықаралық тәжірибеге негізделген және Қазақстанның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне бейімделген медиаторларды даярлаудың бірыңғай стандарттарын енгізу маңызды болып табылады. Медиаторлар қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеуді күшейту мемлекеттің превентивтік саясатының нәтижелілігін арттырып, қоғамдық келісімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Күмісбеков, А. ., Дронзина, Т. ., & Аяганова, А. . (2025). Этносаралық жанжалдарды реттеудiң алдын алу саясатын iске асырудағы медиация институтының әлеуетi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 153(4), 59–69. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-59-69

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар