«Бабырнама» тіліндегі септік жалғауларының ерекшеліктері


Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 61

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-287-303

Кілт сөздер:

Бабыр, түркітану, қолжазба, шағатай тілі, септік жалғаулары, түркі тілдері

Аңдатпа

Шағатай тілін XV ғасырдан XX ғасырға дейін кең географиялық аумақты мекендейтін бүкіл шығыс түркі халықтары біртұтас жазба тіл ретінде қолданғандықтан, осы тілде көптеген құнды шығармалар жазылды. Соның бірі – Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр шахтың (ХV-ХVІ ғғ) «Бабырнама» атты еңбегі. Бабырдың шығармашылығы түркі халықтарының тарихында ерекше орын алады. Бұл еңбек түркі мәдениеті мен тарихының қайнар көзі, сонымен қатар қазіргі түркі жазба тілдерінің даму жолын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды дереккөз саналады. Мақалада «Бабырнама» шығармасындағы септік жалғаулары және олардың сөйлем ішіндегі қызметі басқа түркі жазба ескерткіштері деректерімен салыстырмалы тұрғыда талданады. Түркі тілдеріндегі септік категориясының даму жолы туралы жалпы сипаттама беріліп, «Бабырнама» тіліндегі септік жалғауларының өзіндік ерекшеліктері анықталады. Жазба ескерткіш тіліндегі септік жалғауларының грамматикалық мәні мен қызметі, сөйлем құрамындағы сөздерді бір-бірімен байланыстыру қабілеті мен синтаксисік қатынастарды қамтамасыз ету мүмкіндіктері сараланады. Захир ад-дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» шығармасының тілі ескі қазақ тілінің бастапқы үлгісі тұрғысынан қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Халметов, А., Ескеева, М., & Баймухамбетова, Э. (2025). «Бабырнама» тіліндегі септік жалғауларының ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 287–303. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-287-303

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану