Орталық Азиядағы терроризм мәселесі және Қазақстан Республикасының терроризммен күресу жолдары


Қаралымдар: 316 / PDF жүктеулері: 153

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-115-126

Кілт сөздер:

Аймақтық қауіпсіздік, терроризм, Ауғанстан, экстремизм, радикалды топтар, Орталық Азия

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азия аймағындағы терроризм мәселесінің өзектілігі талқыланып, Орталық Азия шеңберінде қауіпсіздікке байланысты терроризм мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Орталық Азия аймағы – қауіпсіздік  тұрғысынан  алғанда  дүниежүзінің  күрделі  аймақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші мемлекет ретінде терроризммен күресуде айтарлықтай шараларды қолға алды. Бұл шаралар заңнамалық өзгерістерден бастап, халықаралық ынтымақтастыққа дейінгі ауқымды іс-әрекеттерді қамтиды. Соңғы жылдардағы экстремизм мен радикализмнің күшеюі осы аймақтағы қауіпсіздікке үлкен сын-қатерлер тудырды, әсіресе, интернет арқылы радикалдану үрдісі маңызды мәселеге айналды. Осы мәселелерге байланысты Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді. Бұл мақалада, терроризммен күрестегі негізгі бағыттар, яғни терроризм мен экстремизге қарсы қабылданған заңнамалық негіздер, ШЫҰ, ҰҚШҰ, БҰҰ сынды ұйымдармен ынтымақтастық, радикалдануды алдын алу және мемлекет ішіндегі әлеуметтік факторларға талдау жасалды. Авторлар мақалада терроризмнің пайда болу себептері мен аймақтық қауіпсіздікке төндіретін қатерлерін жан-жақты талдайды. Әсіресе Қазақстан Республикасының терроризммен күрес бағытындағы құқықтық, институционалдық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралары мен стратегияларына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар мақалада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары, құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысы, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу жолдары қамтылады. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның терроризммен күрестегі тәжірибесі мен болашақтағы мүмкін бағыттары айқындалады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аккожина, Н., & Даркенов, Қ. (2025). Орталық Азиядағы терроризм мәселесі және Қазақстан Республикасының терроризммен күресу жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 115–126. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-115-126

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану

Most read articles by the same author(s)