Түркі халықтарының дәстүрлі баспанасы генезисінің мәселесі
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-316-334Кілт сөздер:
дәстүрлі жылжымалы баспана, семиозис, мәдени код, мәдени құндылықтар, ұлттық архетиптер, мәдениет кеңістігіАңдатпа
Мақалада кез келген этностың өздік ұйымдасуының негізі болып табылатын мәдениеттің құндылық мазмұны арқылы тарихи этнология шеңберінде түркі халықтарының дәстүрлі баспана генезисінің теориялық және әдіснамалық мәселелерін мәдени тұрғыдан зерттеуге әрекет жасалған.
Мақалада біртұтас мәдени кодтың жалпы семантикалық элементтерін анықтау әрекеті ретінде әртүрлі кезеңдегі археологиялық және этнографиялық зерттеулерден алынған ашық тарихи деректерді салыстырмалы-мәдени талдау негізінде түркі халықтарының дәстүрлі жылжымалы баспаналарының ортақ мәдени кодының қысқаша сипаттамасы берілген.
Аналог ретінде Ұлы Даланың ежелгі автохтонды тұрғындарымен ертетүркілік этно - және глоттогенезі, тарихи мекендеу аймағы және мәдени-тарихи ортақтығы Еуразиялық даланың кең аумағымен байланысты болған түркі этносының қазіргі заманғы өкілдерінің бірі – қазақ халқының дәстүрлі жылжымалы баспанасы – киіз үйі қарастырылған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




