«Диуани лұғат ит-түрк» ескерткішінде қыпшақша деп берілген тілдік элементтердің қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі
Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 131
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-288-301Кілт сөздер:
Махмұт Қашқари, Диуани лұғат ит-түрк, Қарахан дәуірі жазба ескерткіштері, қыпшақ тобы, оғыз тілдер тобы, қазақ тілі, лексика, фонетикалық ерекшеліктер, морфологиялық формалар, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерАңдатпа
Түркі тілдерінің алғашқы тарихи-салыстырмалы сөздігі саналатын Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» атты еңбегі өзінің бай тілдік сөздік қоры негізінде көне түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерін зерттеуде ең маңызды дереккөз саналады. Аталғанеңбекте Махмұт Қашқари сол кезеңдегі әдеби жазба тілі – түрк (хакания – қағандық тілі) тілінің негізгі грамматикалық ерекшеліктерін берумен қатар, қыпшақ, оғыз, ұйғыр, сувар, арғу, т.б. түркі тілдері мен халықтардың тілдік өзгешеліктері жөнінде мол деректер берген. Қарахан дәуірінің данышпаны осы тілдердің айырмашылықтарына тоқтала отырып, әсіресе қыпшақ тілінен біразмысалдар келтірген. Осылайша Махмұт Қашқари әдеби тілден кейін ең көп лингвистикалық мәліметтерді оғыздар мен қыпшақтардан келтіреді. Оғыздар мен қыпшақтарды жеке айтумен бірге көп жағдайда екі тілдер тобын қосып айтады.
Махмұд Қашқаридың тілдік топтар туралы берген мәліметтері арада он ғасыр өтсе де, әлі күнге дейін сол тілдермен көп жағдайда сәйкес келетіндігі таң қалдырады. Дегенмен бір-біріне қарама-қайшы немесе қиыспайтын жағдайлар да сирек болсын кездеседі, мәселен «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегінде кейде оғыз тіліне тән деп көрсетілген сөздер қазіргі оғыз тілдеріндекездеспеуі, сол сияқты қыпшақ тілінде бар деген қолданыстар қыпшақ тілдер тобына жататынқазақ тілінде сақталмауы мүмкін. Мақалада «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегінде Махмұт Қашқаридың қыпшақ тілінде қолданылады деп көрсеткен кейбір элементтердің қазіргі қазақ тіліндегі қолданысы қарастырылады. «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегінде қыпшақ тілді элемент деп көрсетілген сөздер мен формалардың қазақ әдеби тілі мен говорларында, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерінде және қос сөздерде сақталғандығы мысалдармен дәйектеледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




