«Қызыл сарайдағы түс» романы және оның зерттелуі


Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-196-208

Кілт сөздер:

Цао Сюэцинь, «Қызыл сарайдағы түс», хунсюэ, қытай әдебиеті, зерттеушілер, редология, көшірме

Аңдатпа

«Қызыл сарайдағы түс» романы – Цао Сюэцинь XVIII ғасырда жазған, қытай әдебиетінің ең ұлы туындыларының бірі. Терең мазмұнына, күрделі оқиғалар желісіне, бай сюжеттеріне орай шығарманы арнайы зерттейтін «хунсюэ» (红学) саласы қалыптасты. Хунсюэ – романның тарихи контекстін, символикасын, кейіпкерлерін және мәдениетке әсерін жан-жақты зерттеуге арналған. Хунсюэнің дамуы роман жарияланғаннан кейін көп ұзамай басталды. Қытайлық зерттеушілер Ху Ши мен Цай Юаньпэй туындыны жүйелі түрде талдаудың алғашқы бастамашылары болды. Олар автордың автобиографиялық элементтеріне, әлеуметтік сынға және философиялық идеяларына назар аударды. Бұл мақалада романға қатысты әртүрлі ғылыми көзқарастар мен интерпретацияларды салыстыра отырып, қытай, орыс және америкалық зерттеушілердің ойлары мен еңбектері қарастырылады. Сонымен қатар шығарманың тақырыбына, кейіпкерлеріне, мәдени мәнін түсінуге жетекші ғалымдардың қосқан үлесіне ерекше назар аударылады. «Қызыл сарайдағы түс» романы Қытайдағы реалистік әдебиеттің, сонымен қатар Цин патшалығы кезіндегі әлеуметтік, экономикалық және қоғам бейнесін көрсететін құнды мәдени-тарихи мұра ретінде қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сырымова, М., & Әлібекұлы, А. (2025). «Қызыл сарайдағы түс» романы және оның зерттелуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 196–208. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-196-208

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану