Жаһандану және жастар: трансұлттық көші-қон саяси өзгерістер факторы ретінде


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 15

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-47-58

Кілт сөздер:

жаһандану, транұлттық көшіөқон, саяси өзгерістер, Қазақстандық жастар, көші-қон саясаты, жастар саясаты, әлеуметтік-экономикалық даму

Аңдатпа

Мақалада көші-қонның азаматтық қоғамды дамытудағы, трансұлттық желілерді қалыптастырудағы және мемлекеттік саясаттың басымдықтарын өзгертудегі рөлі, оның ішінде демократияландыру және жаһандық сын-қатерлерге бейімделу мәселелері анықталады. Зерттеудің мақсаты – жастар көші-қонына әсер ететін себептер мен факторларды анықтай отырып, оның азаматтық қоғамды дамытуға, мемлекеттік саясатты демократияландыруға және трансформациялауға әсерін бағалау. Мақалада жаһандану мен жастардың трансұлттық көші-қонының Қазақстандағы саяси өзгерістерге әсері қарастырылады. Зерттеуде жаһандану процестері, жастардың көші-қон ағындары және мемлекетіміз бен қабылдаушы елдердегі саяси жүйелердің трансформациясы арасындағы байланыстар қарастырылады. Жаһандану жағдайында Қазақстанның көші-қон және жастар саясатын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге ерекше назар аударылады. Қазақстандағы жастар көші-қонының ерекшеліктерін, оның ішінде көші-қон процестерінің себептерін, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарын талдауға ерекше назар аударылады.

Зерттеу еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, теориялық тұжырымдамаларды, статистикалық деректерді және қазақстандық тәжірибені кешенді талдауға негізделген. Қорытындылар жаһандану жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуы үшін жастардың әлеуетін пайдалануға бағытталған тиімді көші-қон және жастар саясаты стратегияларын әзірлеу қажеттілігін айқындайды. Қазақстан жастарының трансұлттық көші-қонын ынталандыратын негізгі факторлар шетелде білім алу мүмкіндіктері мен экономикалық жағдайды жақсарту, өмір сүрудің жоғары деңгейіне ұмтылу және ел ішінде шектеулі мансаптық перспективалар болып анықталды. Зерттеудің практикалық құндылығы мақалада жинақталған ұсыныстар мен тұжырымдарды Қазақстанның мемлекеттік жастар және көші-қон саясатын әзірлеу және жетілдіру мақсатында пайдалану мүмкіндігінің болуында.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурлан S. ., Қаленова T. ., & Йазыджы H. . (2025). Жаһандану және жастар: трансұлттық көші-қон саяси өзгерістер факторы ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 153(4), 47–58. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-47-58

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар