Түркі тілдері лексикасын зерттеудің аспектілері
Қаралымдар: 35 / PDF жүктеулері: 5
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-308-318Кілт сөздер:
түркі тілдері, заңдылықтар, фитонимдер, дыбыстық сәйкестіктер, аффрикатАңдатпа
Мақалада түркі тілдерінде кездесетін жекелеген сөздердің фонетикалық, морфологиялық, семантикалық жағынан даму және өзгеру ерекшеліктері сөз болады. Түркі тілдерінің базалық лексикасын зерттеу барысында түрлі фонетикалық заңдылықтар мен құбылыстар маңызды. Соңғы жылдары ғылымда анықталған заңдылықтар соның дәлелі. Мақалада сөздің алғашқы формасын табуда лексеманың фонетикалық, морфологиялық, семантикалық жақтарын бірлікте қарастыра отырып зерттеу үлкен нәтижеге алып келетініне назар аударылады. Демек, фоно-морфо-семантикалық заңдылықтарды ескере отырып талдау кешенді жұмыс болып табылады. Мақалада тамыр және сабақ фитонимдерінің қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысы салыстырмалы түрде сөз болады. Сөздегі дыбыстық, мағыналық өзгерістер қарастырылады. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың неліктен орын алмастырғаны жеке-жеке талданып, әр тілдің ерекшеліктері сөз болады. Сөздердің құрамы түбір мен қосымшаларға ажыратылады. Атаулардың шығу тегі туралы ғалымдардың айтқан этимологиялық болжамдары талданады. Қазіргі қазақ тілінде сабақ және тамыр сөздерінен қандай тіркестер пайда болғаны да қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.