Түрік ертегілеріндегі кенже ұлдың дәріптелу ерекшелігі


Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 16

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-315-325

Кілт сөздер:

миф, ертегі, мифология, фольклор, қиял-ғажайып, кенже ұл, батырлық эпос, тұрмыс-салт

Аңдатпа

Мақалада түрік халық ертегілеріндегі, кенже ұлдың дәріптелуі мен образына салыстырмалы тұрғыда талдау жасалады. Біздің саф алтындай сонау көне заманнан жалғасып келе жатқан құндылықтарымыз ол бірінші, салт-дəстүріміз, тіліміз, дініміз, діліміз болып табылады. Қазақ елі ХХ ғасырдың бел ортасынан бастап жат-жұрттың шапқыншылығынан орны толмас ойранға ұшырай бастады. Әйтсе де халық руханиятының сөнбес шырағындай болып келген ауыз əдебиетіміз, соның ішінде ойып орын алатын ертегілер, ескі жырлар тарихижадымыздағы кейбір ұйықтап кеткен түйсік-танымдарымызды оятуға үнемі түрткі болып келеді. Сол танымның негізінде түркі жұртының бір қолдың бес саласындай бірігу процесі жүріп жатқаны да баршамызға мәлім. Мақалада түрік халықтарына тəн фольклорлық мұраларда, түрік жұртын құраған ұлттар мен ұлыстардың ортақ төл мəдениеті, біртұтас байырғы өркениетін де қарастырдық. Соның бір саласы – ауыз əдебиетіндегі ұрпақ мəселесі. Əсіресе, қара шаңырақтың тіреуі, тұтас əулеттің ұйтқысы болған кенже баланың образы мен дәріптелуіне тоқталдық. Жалпы әдебиетте қиял-ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес, оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым әңгімелер, батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ тұрмыс-салтты авантюралық шығармалар да кездеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мужигова, Г. ., Сейсенбиева, Э., & Ергубекова, Ж. (2025). Түрік ертегілеріндегі кенже ұлдың дәріптелу ерекшелігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 315–325. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-315-325

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану