Қазақстандықтардың мемлекеттік басқару тиімділігіне үміті: ерекшеліктері мен факторлары


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-37-55

Кілт сөздер:

әлеуметтік үміт, мемлекеттік басқару, саяси сенім, еститін мемлекет, саяси құндылықтар

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік-саяси үміттің кешенді феномені оның күрделі табиғаты мен азаматтардың көңіл-күйіне, үміт-тілектеріне және саяси мінез-құлқына әсері тұрғысынан қарастырылады. Теориялық және эмпирикалық деректерге, сондай-ақ автордың өз зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, қазақстандықтардың мемлекеттік басқару тиімділігіне деген үмітінің мазмұны мен қалыптасу шарттары зерттеледі. Мақалада үміт концепциясы, оның қоғам үшін маңызы талданып, қандай жағдайда ол мемлекеттік және қоғамдық дамудың қолайлы негізі бола алатыны және қандай жағдайда әлеуметтік-саяси қауіптердің күшеюіне ықпал ететіні анықталады. Автор бұл үміттің мемлекетке, оның институттарына және өкілдеріне деген сенімді қалыптастыруда, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының сапасын жақсартуға қатысты күтілімдерді арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтеді. Бұл мемлекеттің тұрақтылығы мен саяси жүйенің сақталуына ықпал етеді. Алайда, күтілімдердің орындалмауы және үміттің жоғалуы қоғамдағы наразылықтың өсуіне алып келуі мүмкін екеніне назар аударылады. Зерттеу нәтижелері үміттің қазіргі және жақын болашақта қазақстандықтар үшін тұрақтандырушы немесе тұрақсыздандырушы әсері болуы мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Саяси реформалардың жариялануы өзгерістерге деген ұмтылысты көрсетіп, жаңа үміттер мен күтілімдерді қалыптастырады. Алайда, саяси бағдарламалар реформалардың нақты механизмдерін және олардың алдыңғыларынан айырмашылығын түсінікті түрде жеткізе алмайтынын ескеру қажет. Осыған байланысты, әсіресе Жаңа Қазақстан контексінде, саяси өзгерістердің тиімді әрі айқын жеткізілуі мәселесі өзекті болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жунусова, . А. . (2025). Қазақстандықтардың мемлекеттік басқару тиімділігіне үміті: ерекшеліктері мен факторлары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 37–55. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-37-55

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар