Қазақ тілінің оңтүстік аймағы диалектісінде дауысты дыбыстардың көрінісі


Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-299-307

Кілт сөздер:

диалект, оңтүстік аймақ, фонетика, дауысты дыбыстардың ерекшелігі

Аңдатпа

Тілдің тарихи кезеңдерін, грамматикасын және лексикасының әр түрлі формаларын қадағалайтын маңызды әдістердің бірі – диалектілер. Осылайша тілдік зерттеу әдәсі бойыншатілдердің тарихи даму процестерін анықтауға мүмкіндік туады. Диалектілер туралы зерттеулер мен анықталған материалдар диалект атластарын жасауда маңызды саналады. Диалектілерденалынған материалдарды анықтау арқылы тіл атластарын жасау және бір-біріне алыс географиялардағы диалектілерді салыстырмалы түрде зерттеуге де мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда түркі тілдерінің әр түрлі географияларында жүргізілген диалектілік зерттеулердің маңызы зор. Біздің бұл зерттеуіміз Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Түркістан және Қызылорда облыстары арасында тұратын қазақтардың диалектілік ерекшеліктерін негізге ала отырып, түрікітілдері мен диалектілерінің кейбір мәселелерінде шешімі болуы мүмкін деген мақсаттажүргізілді. Қарастырылып отырған аймақтағы халықтың диалектілерінде қолданылған дауысты дыбыстардың ерекшелігі зерттеліп, олардың стандарт қазақ тілінен айырмашылығы анықталды.

Ұзақ уақыт бойы Кеңес кезеңіндегі саяси қысымға ұшыраған қазақ-түрік тілдерінің диалектілеріне қатысты диалектологиялық зерттеулер жеткілікті деңгейде зерттелмеді, бұл өз кезегінде түркітанудың зерттеу мүмкіндіктерін тежеді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған мерзімнен бастап қазақ-түрік тілдері бойынша диалектологиялық зерттеулер жүргізуде жеделдету байқалды. Соңғы отыз жылда қазақ-түрік тілдерінің диалектілеріне қатысты көптеген зерттеулер жүргізілді деуге болады. Жергілікті мәдениетті айқындайтын маңызды элементтердің бірі болып табылатын диалектілік сипаттарды анықтап, бағалау – маңызды сипатқа ие.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Семиз, К., & Ибрагимов, Ж. (2024). Қазақ тілінің оңтүстік аймағы диалектісінде дауысты дыбыстардың көрінісі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 149(4), 299–307. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-299-307

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану