Дипфейк – ақпараттық саяси күрестің жаңа феномені ретінде: саясаттанулық шолу
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-50-60Кілт сөздер:
дипфейктер, фейктер (жалған жаңалықтар), манипуляция, әлеуметтік желілер, ұлттық қауіпсіздік, AI (жасанды интеллект)Аңдатпа
Қазіргі ақпараттық қоғамда пайда болған жаңа цифрлық технологиялар медианың шынайылығы мен жалғандығын ажырата білуді қиындатты. Бұл мәселені ушықтырып, шиеленістірген феномендердің бірі – дипфейктердің пайда болуы. Олар жасанды интеллект (AI) көмегімен біреудің ешқашан болмаған нәрселерді айтып және істеп жатқанын бейнелейтін гиперреалистикалық бейнелер. Әлеуметтік медианың қол жетімділігі мен жылдамдығының арқасында дипфейктер миллиондаған адамдарға тез таралып, қоғамға теріс әсерін тигізуде. Мәселен дипфейк жаңалықтар қоғамдық дискурсқа, адам құқықтарына және демократияға қауіп қатер туғызатын өзекті мәселеге айналуда. Дипфейктің үгіт-насихат тарату және сайлауға араласу арқылы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, азаматтардың БАҚ-на және билік органдарына деген сенімін төмендетуге алып келуде. Бұл мақалада ақпараттық дәуірде жаңадан қалыптасып отырған дипфейк құбылысының терминологиясы мен пайда болу тарихына, олардың түрлері мен мақсаттарына теориялық шолу жасалды. Мақаланың негізгі бөлімінде дипфейктер ақпараттық саяси күрестің бір бөлігі ретінде қарастырылып, бірнеше халықаралық кейстерге саяси шолу жасалды. Сонымен қатар, дипфейктердің алдын алу және қарсы күрес бойынша шетелдік тәжірибе талданып, оны алдын алу тетіктері мен шешу жолдары ұсынылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




