Спорт дипломатияның тілі ретінде: жарыстарды өткізу арқылы байланыстарды нығайту
Қаралымдар: 115 / PDF жүктеулері: 15
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-221-231Кілт сөздер:
спорт, халықаралық қатынастар, саясат, бейбітшілік, іс-шаралар, шиеленістер, дипломатияның тілі, қарама-қайшылықтар, мәдениет, дипломатия, саяси қысым, қарым-қатынастар, экономикаАңдатпа
Мақалада спорттың халықаралық аренадағы елдер арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі, әсіресе спорттық дипломатияның маңыздылығы қарастырылған. Халықаралық қатынастарда кездесетін шиеленістерді шешу үшін спортты қолданудың тиімділігі тарихи мысалдар арқылы көрсетілген. Мәселен, Үндістан мен Пәкістан арасындағы «крикет дипломатиясы» немесе Қытай мен АҚШ арасындағы «пинг-понг дипломатиясы» спорттың бірлік пен түсіністік орнатудағы ықпалын дәлелдейді. Сол сияқты Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Корея Республикасының спорт саласындағы кездесулері шиеленіс деңгейін төмендетуге көмектескені пайымдалады. Мақалада спорттың саяси қысым құралына айналып кетуі де қарастырылады, әсіресе Олимпиада ойындары мен басқа да ірі жарыстарда спортшылар мен елдер арасындағы саяси кикілжіңдер орын алып жатқаны баяндалады. Спорттың бейбітшілікке және елдер арасындағы достық қарым-қатынастарға ықпалын арттыру мақсатында халықаралық спорт ұйымдарының бейтараптылығын сақтау, мәдени дипломатияны дамыту, ортақ ережелер мен кодекстерді енгізу сияқты шешімдер ұсынылады. Сондай-ақ, туризмді және ұлттық мәдени мұраны насихаттауда спорттың рөлі айрықша екені айтылады. Бұл Қазақстанда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мысалында тереңірек зерттеледі. Сонымен қатар, спортты халықаралық деңгейде саяси құрал ретінде пайдаланудан гөрі, бірлік пен бейбітшілікке бастайтын жол ретінде қарастырудың маңыздылығы атап өтіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.