Еуропа одағы елдерінің жұмсақ күші


Қаралымдар: 277 / PDF жүктеулері: 167

Авторлар

  • Анламасова M.K.
  • Джаппарова Р.Т.
  • Мукажанова А.Ж.

Кілт сөздер:

жұмсақ күш, Еуропа Одағы, Ұлыбритания, Франция, Германия

Аңдатпа

Халықаралық қатынастарда мемлекеттер пайдаланатын екі негізгі дипломатиялық стратегия бар: қатты күш және жұмсақ күш. Қатты күш қажетті нәтижеге жету үшін әскери күш құралдарын немесе басқа мәжбүрлеу стратегияларын пайдаланады. Ал жұмсақ күш нандырғыш тактика арқылы қалаған нәтижеге жетуге тырысады. Қысқасы, қатты күш күш қолданады, ал жұмсақ күш сүйкімділік пен тартымдылықты пайдаланады немесе екінші тарапты сіз қалаған нәрсені жасауға мәжбүр етеді.

Қазіргі кезде саясаттанушылар мен басқа да сарапшылар қатты және жұмсақ күшті немесе ақылды күшті біріктіріп пайдаланудың тиімділігін арттыруға баса назар аудара бастады. Халықаралық қатынастарда АҚШ-тың сыртқы саясаты көбінесе қатаң күштің үлгісі ретінде көрсетіледі, өйткені кейбір жағдайларда ол қалаған нәтижеге жету үшін әскери немесе экономикалық қысымды пайдаланады. Ал Еуропалық Одақ болса жаңа мүшелерді тарту және жаңа одақтастар алу үшін еуропалық құндылықтар мен еуропалық бірегейлікті құру арқылы жұмсақ күш саясатын жүзеге асыруға бейім. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ әлемге бостандық, демократия, теңдік және заң үстемдігі сияқты құндылықтарды үлгісін көрсетеді. Бұл құндылықтар Еуропалық Одақтың әлемде жұмсақ күшін арттыруға да көмектеседі. Бұл мақалада Англия, Франция және Германия сияқты Еуропалық Одақ елдерінің жұмсақ күш саясаты мен жұмсақ күш әрекеттері қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

M.K., A., Р.Т. J., & А.Ж. M. (2023). Еуропа одағы елдерінің жұмсақ күші. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 145(4), 8–11. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/78

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар