Мун Чжэ Ин әкімшілігі кезіндегі ядролық энергия саясатының өзгерістері және Оңтүстік Кореяның энергетикалық экосистемасына әсері


Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-203-215

Кілт сөздер:

Оңтүстік Корея, Мун әкімшілігінің энергетикалық саясаты, энергетикалық индустрия экожүйесі, жаңартылатын энергия

Аңдатпа

Мақала Оңтүстік Кореяның Мун Чжэ Ин әкімшілігі кезеңіндегі ядролық энергия саясатындағы қарышталған өзгерістерді және олардың энергетикалық индустрия экожүйесіне әсерін корей ресми жаңалықтар сайттарынан алынған ақпаратты талдау арқылы қарастырып, сонымен қатар ядролық және жаңартылатын энергияның экономикалық өсу мен көміртегі шығарындыларына тиімділігін салыстырады. Жаңартылатын энергияны ядролық энергияның орнына басымдыққа алған жаңа саясаттың жүзеге асырылуы, ядролық энергияның Кореяның электр энергиясының 40% құрайтынына қарамастан, корей қоғамын ядролық электр станцияларына қарсы және қолдайтын топтарға бөлді.

Бұл зерттеу 2017 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Мун Чжэ Иннің ядролық энергия саясатын жүзеге асырудың салдарларына назар аударады және осы саясаттың теріс әсерлерін азайту үшін мүмкін болатын шешімдер ұсынады.

Қорытындылай келе, Мун әкімшілігінің ядролық электр станцияларының құрылысын тоқтату және жабу саясаты нәтижесінде ядролық энергия индустриясының экожүйесіне мамандардың кетуіне әкелді. Сонымен қатар, күн сәулесінің панельдері сияқты жаңартылатын энергияны дамыту Кореяның қоршаған орта мен климат шарттарына сәйкес келмеді және экологиялық ластануға себеп болды.

Жаңартылатын энергияны кеңейтудің теріс әсерін ескере отырып, мақала ядролық энергия индустриясына бұрынғы инвестицияларды қайта қарауды және жасыл энергия мен атом энергиясының пропорциясын Кореяның климаттық ортасына сәйкес келтіру үшін түзетуді ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кожахметова Z. ., & Мионг S. . (2025). Мун Чжэ Ин әкімшілігі кезіндегі ядролық энергия саясатының өзгерістері және Оңтүстік Кореяның энергетикалық экосистемасына әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 153(4), 203–215. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-203-215

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану