Ауылдық кеңестiң ауыл әкiмдiгiне трансформациясы: ретроспективтi талдау


Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-63-76

Кілт сөздер:

жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті мемлекеттік басқару, жергiлiктi басқару, ауыл әкiмi, ауыл әкiмдiгi

Аңдатпа

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық билiктiң ең төменгi сатысында орналасқан ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ құрамына кiрмейтiн ауыл мен кент бiрлiктерiнiң қызметiн жетiлдiруге қатысты соңғы жылдары екi маңызды шешiм қабылданды. Төртiншi деңгейлi бюджет енгiзiлдi және ауыл әкiмдерiн тұрғындардың тiкелей сайлауына мүмкiндiк берiлдi. Осы жаңалықтар аясында саяси жүйеге күрделi өзгерiстер әкелген 1991-1995 жылдары жүргiзiлген құқықтық, саяси-әкiмшiлiк, құрылымдық-функционалдық реформалардың қорытындысында жоғарыда аталған әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың ең төменгi сатысындағы әкiмдiк басқарудың қалыптасу тарихын зерттеу өзектi. Авторлар бұл мақалада республика тәуелсiздiгiн алғаннан кейiнгi жылдары ауылдық және кенттiк кеңестердiң әкiмдiктерге трансформациялануын қарастырды. Ретроспективтi талдау әдiсiмен сол уақытқа қатысты академиялық әдебиеттi зерделеу, мерзiмдi басылымдарда жарияланған публицистикалық мақалаларға сараптама жүргiзу және архив құжаттарын талдау нәтижесiнде ауыл әкiмдiгi институтының қалыптасу эволюциясы баяндалды. Жүргiзiлген ретроспективтi талдау нәтижесi республикадағы аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округ құрамына кiрмейтiн ауыл мен кент әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң құрылуы барысында қалыптасқан және жалғасып келе жатқан жүйелi кемшiлiктердi анықтауға, қазiргi ахуалымен салыстыруға, жүйенiң уақыт өлшемiмен модификациясын бағалауға септiгiн тигiздi.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жұмашов, Е., & Пұсырманов, Н. . (2025). Ауылдық кеңестiң ауыл әкiмдiгiне трансформациясы: ретроспективтi талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 63–76. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-63-76

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар