Метеонимдердің паремиялық мағынаның дамуына әсері
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 14
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-253-264Кілт сөздер:
түркі тілдері, метеоним, мақал-мәтелдер, паремиялық мағына, семантикалық құрылым, семантикалық модификация, прагматикалық-функционалды мәнАңдатпа
Адамзаттың қоршаған ортаны танып-білуі олардың табиғи құбылыстарды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асатындықтан, тілдегі метеорологиялық атаулар ең көне лексикалық қабатқа жатады. Этномәдени мазмұны терең метеонимдер мақал-мәтелдер құрамында да кездеседі. Әрбір халықтың дүниетанымы мен мәдениеті жайлы мол ақпарат беретін мақал-мәтелдер құрамындағы метеонимдердің паремиялық мағынаны түрлендіру әлеуеті жоғары. Мақалада қыпшақ, оғыз, қарлұқ, бұлғар тобына жататын тілдердегі метеонимдер қатысқан паремиологиялық параллельдердің семантикалық табиғаты қарастырылады. Паремиялық мағынаның қалыптасуы мен дамуындағы метеонимдердің қызметі талданып, олардың мақал-мәтелдер мағынасының модификациялануына тікелей әсер ететіні айқындалады. Құрамында метеонимдер қолданылған мақал-мәтелдердің семантикалық құрылымындағы үш деңгейдің – синтаксистік құрылымның дәлме-дәл тура мағынасы мен логикалық негізде анықталатын жалпылама мағынаның, өмірдегі түрлі жағдайға байланысты қолданылатын жағдаяттық немесе прагматикалық-функционалдық мағынаның сабақтастығы метереологиялық лексиканың семантикалық өрісі негізінде анықталады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.