Ауыл жастарын бейімдеу мен интеграциялау (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы мысалында әлеуметтік зерттеу нәтижесі)
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 13
Кілт сөздер:
ауыл жастары, адаптация, интеграция, әлеуметтік лифт, оңтүстік аймақ, әлеуметтік зерттеуАңдатпа
Жастар еліміздің болашағы, қоғамды алға ілгерлетуші күш, сондай ақ әлеуметтік қарсылық пен өзгерістің басты факторы, ауыл жастары елдегі саяси-әлеуметтік қауіп-қатерге тез ұшырайтын осал әлеуметтік топтың бірі. Оларға өзіндік ерекшелік, талап пен талғам, қажеттілік, сондай-ақ өзіндік даму жолы тән. Қалалық талантты,белсенді және де бәсекеге қабілеті жастар үшін мүмкіндіктер әрқашанда бар, ал ауыл жастарына өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін жолды таңдауда қиындықтар баршылық. Жастар ең көп шоғырланған еліміздің оңтүстік аймағы әсіресе Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында әлеуметтік лифт тетіктері арқылы ауыл жастарын бейімдеу мен интеграциялау тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізу өте өзекті.
Бұл зерттеу Қызылорда, Тараз, Түркістан қалаларында тұратын ауыл жастарының қоныс аудару себептері, қалалық өмірге бейімделудегі қиындықтары, жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, ауыл жастарын бейімдеу мен интеграциялауда білім, саясат, армия және діннің маңызы, әлеуметтік лифт тетіктері арқылы ауыл жастарының бейімделуі мен интеграциясын дамытуға арналған ұсыныстарды зерттеуге арналған. Мақалада аталған аймақта статистикалық деректерді талдап әрбір облыс ерекшеліктерін ескеріп фокустық топтық пікірталас негізінде ауыл жастарын бейімдеу мен интеграциялау бойынша әлуеметтік зерттеу нәтижесі қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.