«Китаби-и межму-и тержуман-и турки ве ажеми ве мугали» ескерткішінің лексикалық ерекшеліктері


Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-243-252

Кілт сөздер:

қыпшақтану, лексика, қыпшақ тілі, тарихи жазба ескерткіш, мәмлүк қыпшақтары

Аңдатпа

Көне қыпшақ тіліне қатысты сақталған жазбалардың жазылған жері, пайдаланылған жазуы, жазудағы мақсаты, тарихи кезеңдері туралы ақпарат алуан түрлі. Мұндай ескерткіштердің барлығы біздің дәуірімізге тұтас жетпеген. Мәмлүк қыпшақтарының мұралары саналған «Китаби-и межму-и тержуман-и турки ве ажеми ве мугали» атты қыпшақ жазба мәтіні өзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Бұл жазба ескерткіш Мысыр мемлекетіндегі қыпшақтардың тілінде жазылған. Ескерткіш мәтінін жазуда араб жазуы қолданылған. Мәтіннің сөздік бөлімі толық сақталған.

Мысырдағы мәмлүк қыпшақтарының тілі толықтай зерттелмеген тақырып саналады. Олардың бір тобына зерттеу жұмыстары арналуда. Бірақ қазақ тіліне аудару, оларды толықтай зерттеу іске асырылмай келеді. «Китаби-и межму-и тержуман-и турки ве ажеми ве мугали» жазба ескерткішіне осыған дейін түсіндірме беріліп, жеке ғылыми мақалалар арналды. Бірақ ескерткіштің лексикалық қорына толықтай талдау жасалмады. «Китаби-и межму-и тержуман-и турки ве ажеми ве мугали» еңбегі өз заманында қыпшақ тілін меңгертетін сөздік әрі оқу құралы қызметін атқарған. Бұл еңбек қыпшақтардың Мысырдағы үстемдігін дәлелдейді және қыпшақ тілінің лексикасын сипаттауға мүмкіндік береді. Сондықтан осы еңбектің лексикалық қорына талдау жасау маңызды болып есептеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кенжалин, Қ., & Шалғынбай, Н. . (2025). «Китаби-и межму-и тержуман-и турки ве ажеми ве мугали» ескерткішінің лексикалық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 243–252. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-243-252

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану

Most read articles by the same author(s)